Жаңалықтар
4 маусым күні «Парктер шеруі 2019» акциясы аясында Риддер қаласының жас суретшілері Батыс - Алтай қорығының аумағына «қорықтағы пленэр» іс-шарасын өткізу мақсатында барып қайтты.
Міне, «Парктер шеруі-2019» акциясы аясында шығармашылық байқаулар аяқталды. Риддер қаласындағы қатысушылардың 150-ден астам еңбегі көрмеге қойылып, білікті қазылар алқасының келесі бағалауы өткізілді. Глубокое, Алтай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының мектептерінде өткізілген дәрістер барысында шығармашылық жарыстарға қатысқан 50-ден астам дарынды балалар марапатталды.
29 мамыр күні Риддер қаласының Мәдениет сарайының жанындағы жасыл алаңында « Парктер шеруі 2019» табиғатты қорғау акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көшеттерді отырғызуды «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Риддер қаласының Мәдениет сарайы» КМҚК, «Алтай ботаникалық бағы» КММ ұйымдастырды.
27 мамыр күні Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да туризмді дамыту бойынша конференция өткізілді, оған Батыс Қазақстаннан келген қонақтары қатысты.
«Парктер шеруі» - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолдау көрсету бойынша халықаралық акция. «Парктер шеруі» акциясының мақсаты – биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және бүкіл қоғамның назарын ЕҚТА проблемаларына аудару, оларға нақты практикалық көмек көрсету, отандастарымыздың санасында біздің табиғи және мәдени игілігіміз үшін мақтаныш сезімін ояту.
25 мамырда Риддер қаласында «Парктер шеруі-2019» табиғатты қорғау акциясына арналған экологиялық автожарыс өтті.
Батыс-Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының аудандарында экологиялық-ағартушылық жұмысын жалғастыруда, бұл жолы біздің қызметкерлеріміз Жаңа Ахмер және Ұлан ауданында орналасқан Қасым Қайсенов (бұрыңғы Молодежный) мектептерінде болып қайтты.