Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымы мен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталды.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 жылдың 3 шілдесінде құрылған. Қорық Шығыс Қазақстан облысы аумағында Кенді Алтай аймағында орналасқан. Кенді Алтай Ертістің оң жағалауында Оба мен Нарым өзендері арасында орналасқан. Ол өз атауын жер қойнауының сирек кездесетін түсті металдарға бай болғаны үшін алған.