Міне, «Парктер шеруі-2019» акциясы аясында шығармашылық  байқаулар  аяқталды. Риддер қаласындағы қатысушылардың 150-ден астам еңбегі көрмеге қойылып, білікті қазылар алқасының келесі бағалауы өткізілді. Глубокое, Алтай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының мектептерінде өткізілген дәрістер барысында шығармашылық жарыстарға қатысқан 50-ден астам дарынды балалар марапатталды.

 

Әр жастағы балалар шығармашылығының басты тақырыптары: «Кәдімгі тиін», «Сібір қарағайы», «Жыл құсы-дуадақ» және табиғатты сақтау мәселесі болды. Балалар суреттер, плакаттар салды, қабырға газеттер жасады, табиғи материалдардан, қағаздан, пластилиннен, гипстен, матадан, картоннан және т.б. бұйымдар жасады.  Жұмыстар жас санаттары бойынша, берілген тақырыптарға және қатысушылардың шығармашылық қабілеттеріне сәйкес бағаланды.

 

Байқау жеңімпаздарынан басқа 55 адам, 20-дан астам қатысушы қызықты жұмыстары үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.