1. Бағыт атауы: «Обаның төмендеп ағуы»

2. Бағыттың топтастырылуы:

  • мақсаты бойынша: туристтік-экскурсиялық
  • қозғалу тәсілі бойынша:  аралас, автомобильдік, велосипедті.
  • қолдану кезеңі бойынша: мезгілдік
  • ұйымдастыру түрі бойынша: топтық

3. Басты географиялық мекендер атауы: Риддер қ – А9автомобиль жолы «Риддер –  РФ шекарасы» - «Ақ Оба» кордоны -  Линейский асуы -  «Қара Оба» кордоны – Қара Оба өзені – «Платониха» кордоны - «Каменушка» кордоны – Риддер қаласына оралу (А9«Риддер – РФ шекарасы» тас жолы бойынша).

4. Бағыттың ұзындығы:

Жалпы  – 150 км
Көлікпен жүру бөлігі – 133,2 км
Велосипедпен жүру бөлігі - 16,8 км
Бағыттың ұзақтығы: 8 сағат 34 минут (велосипедпен жүру бөлігі – 3 сағат 8 минут, көлікпен жүру бөлігі – 3 сағат 50 минут, аялдама/демалыс – 1 сағат 36 минут).

5. Бағыттың жұмыс істеу мерзімі: маусым айынан қазан айының басына дейін (бастапқы және соңғы мерзімдер климаттық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін).

 

6. Топтағы максималды адам саны:8 адам

Апталық лимит: аптасына  3 топтан көп емес

7. Бағытты экскурсия жетекшісінсіз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана  қорық қызметкерлерімен.

Керекті жабдықтар мен киімдер: экскурсия қатысушыларында  келесі  жабдықтар болу керек:
Жеке- ыңғайлы киім, мықты аяқ- киім, жаңбырдан қорғайтын жамылғы, жеке ыдыс, жәндіктерден қорғайтын құрал.
Топтық- тұрмыстық қалдық үшін қаптар.
Арнайы- дүрбілер, көзілдіріктер.
Велосипед, велосипедтік қорғаныс жабдықтар (арнайы бас киім, тізеқап, қолғаптар, шынтақ таяныш), велосипедке арналған жөндеу жинағы (сорғы, кілттер).

8. Бағыттағы жүріс-тұрыстың ерекше ережелері: Бағыт 13 жастан жоғарғы адамдарға, денсаулықтары жақсы және веложүктемені көтере алатындарға есептелген. Медициналық көрсеткіштерге байланысты «далалық» жағдайларда және физикалық жүктемелер тыйым салынған адамдарға осы бағыттан бас тартулары керек. Велосипедпен жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын және экскурсия кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін  сақтау қажет.