Құрметті туристтер назар аударыңыздар!

Белгілі бағыт бойынша қорыққа баруға өтінімді растау үшін Сізге қорық әкімшілігінен кері байланысты күту қажет.

 

Бағыттық парақшаларды  рәсімдеу үшін БАМТҚ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм  бөліміне ұсыну қажет:

- Топтағы әр қатысушының жеке куәлігі (балалар үшін- туу туралы куәлік, шетелдіктер үшін- шетелдік төлқұжат);

- «ШҚО бойынша мемкірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы» РММ-не мемлекеттік баж салығы туралы түбіртек

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері:

жаяу жүргіншіден-0,1 АЕК

мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер – 0,2 АЕК

жеңіл автомобильдер-0,3 АЕК

шағын автобус 16 орынға дейін және жүк автомобильдері-1,0 АЕК

32 орынға дейінгі автобустар-2,0 АЕК

32 орындық автобустар - 3,0 АЕК

 Топпен барған жағдайда - "ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ КБК 105313 шотына Қазпошта бөлімшелерінде мемлекеттік бажды бір түбіртекпен төлеу БСН 980340001050 немесе кез келген банкте (бүкіл топ үшін бір түбіртек)

- техникалық паспорт, жүргізуші куәлігі, өтініш (егер сапар өз көлігімен болса);

- қосымша қызметтерге ақы төлегені үшін чек (жолды пайдалану, экскурсия жетекшісі/инспектор) – Халық Банкінде немесе Қазпоштада төленеді «ЗАГПЗ» коды 2070018 КБЕ 11 БСН 990640003055 ЖСК KZ790703012070018001 БСК ККMFKZ2A "ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті"РММ КБК869  «Мәдениет және демалыс қызметтері үшін төлемдер»

- оқу орнынан бұйрық;

Прайс-парағы бөлімінде бағалармен танысуға болады.