Құрметті туристтер назар аударыңыздар!

Белгілі бағыт бойынша қорыққа баруға өтінімді растау үшін Сізге қорық әкімшілігінен кері байланысты күту қажет.

 

Бағыттық парақшаларды  рәсімдеу үшін БАМТҚ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм  бөліміне ұсыну қажет:

- Топтағы әр қатысушының жеке куәлігі (балалар үшін- туу туралы куәлік, шетелдіктер үшін- шетелдік төлқұжат);

- «ШҚО бойынша мемкірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы» РММ-не мемлекеттік баж салығы туралы түбіртек

Төлем 0,1 АЕК (2020 жылы 278 тг) мөлшерінде жасалады, ерекше қорғалатын табиғи аумақта болғаны үшін 1 адамнан 1 күнге. Топпен барған жағдайда- мем.баж салығы бір түбіртекпен төленеді, Қазпошта бөлімшелерінде БСК 105313 шотына  «ШҚО бойынша мемкірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы» РММ    БСН 980340001050  немесе  кез келген банкте (бір түбіртекпен бүкіл топқа)

-техникалық төлқұжаты, жүргізуші куәлігі, өтініш (егер өзіңіздің көлігіңізбен барсаңыз);

- қосымша қызметтерге төлемнің чегі (соқпақты пайдалану, гид- экскурсия жетекшісі/инспектор)- қорықтың бухгалтериясына төленеді;

- Оқу орнынан  бұйрық;

Прайс-парағы қосымша бетінде бағаларымен танысуға болады.