4 маусым күні «Парктер шеруі 2019» акциясы аясында  Риддер қаласының жас суретшілері  Батыс - Алтай қорығының аумағына «қорықтағы пленэр» іс-шарасын өткізу мақсатында барып қайтты.

 

Олар «Қара Уба» кордоның жанына орналасып, қолдарына әртүрлі түстер алып, әсем табиғат пейзаждарын суреттеуге кірісті. Суреттер әлі аяқталған жоқ, бірақ олар өздерінің бояуларымен  өте әсерлі. Бейнелеу өнерінен кейін қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша қорықтың табиғат мұражайында суреттер көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.