29 мамыр күні Риддер қаласының Мәдениет сарайының жанындағы жасыл алаңында « Парктер шеруі 2019» табиғатты қорғау акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көшеттерді  отырғызуды «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Риддер қаласының Мәдениет сарайы» КМҚК, «Алтай ботаникалық бағы» КММ ұйымдастырды.

   

Қатысушылар ұзындығы 50 метрден астам тірі ағаш шарбақты қоршау үшін 100-ге жуық спирея көшеттерін отырғызды. Алдағы уақытта тірі ағаш шарбақтар  жасыл аймаққа эстетикалық көрініс беріп, қала орталығын көркейтеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінен қамқорлықтағы балалар көгалдандыруға қатысты.

 

      

Ашық ауа райында жақсы көңіл-күймен бәрі жақсы жұмыс істеді.