Жаңалықтар

6 желтоқсан күні «Жаңа жыл алдындағы қылқанжапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауға» байланысты қорық аумағында рейд жүргізілді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта заң бұзушылық тіркелген жоқ.

2019 жылдың 22 қарашасында Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратында жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты тұқымдас ағаштарды күшейтілген қорғауға алуды назарға алуға арналған үйлестіру кеңесінің жиналысы өтті.

2019 жылдың  25 қарашасында ШҚО әкімдігінде ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ, ГЭФ  «Әр түрлі артықшылықтарға қол жеткізу үшін әлемдік маңызы бар негізгі экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобалары бойынша кілттерді табыстау рәсімі өтті.

Орман экожүйесін сақтау бойынша БҰҰДБ жобасымен Орман шаруашылығы және Агроорман мелиорациясының қазақ ғылыми- зерттеу институты Шығыс- Қазақстандық филиалы негізінде «RESISTOGRAPH R650-EA» ағаштардың ішкі жағдайына диагностика жүргізуге аспаптарды қолдану бойынша оқыту семинары өтті, 

2019 жылдың 14 қарашасында Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында заңгер А.С. Абдрахманова жемқорлыққа қарсы тақырыбында дәріс өткізді.

Кеше «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді, онда қорықтың заңгері А. С. Абдрахманова аталған тақырып бойынша бейне материалдар көрсетті.

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 30 қазан күні жоспарланған оқу-жаттығу атыстары өткізілді.