Батыс - Алтай қорығының мұражайы

 

 

    «БАМТҚ» РММ мұражайында құс және сүтқоректілер, құс ұялары мен жұмыртқалар, тұяқты жануарлардың мүйіздері, сондай-ақ қаңқалар, тұлыптар, терілер,минералдар үлгілері, өсімдіктер тұқымдары, экспозицияларының коллекциялары жинақталған, олар қорықтың қызметкерлерімен үнемі толықтырылып отырады.

    Табиғат мұражайына келушілер Батыс -Алтай қорығы туралы қызықты ақпаратты білуге, сондай-ақ фото және бейне экспозицияларды өткізуге мүмкіндігі бар.

       Мұражайға тек оқушылар мен студенттер ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы және түрлі іс-әрекеттегі адамдар да шақырылады. Қорық қызметкерлері мұражай бойынша қызықты экскурсиялар өткізеді, Батыс - Алтай қорығының флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ сирек кездесетін және ерекше қорғауға мұқтаж жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарларға арналған стендтер бар.

    Мұражайға келген соң Алтай биоалуантүрлілігі туралы көп мағлұмат алуға болады. Атап айтқанда, жануарлар туралы.  Сіз олардың өмір салты туралы құнды ақпарат аласыз, қылықтары, көбею және тамақтану туралы білесіз. Қорықтың мұражайында фото және бейне материалдар жинақталған. Бұл қайталанбас кадрлар адамның тіршілік әрекетінің табиғи ағымында өрескел араласпастан алынған жануарлардың өмірі туралы құнды ақпарат береді. Бұдан басқа, өсімдіктердің, құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың негізгі түрлері туралы көп ақпарат бар. Мұражай қабырғасында қорықтың экологиялық бағыттарымен танысуға болады. Қорық аймағының аумағында төрт бағыт әзірленді: «Эталон Западного Алтая», «Заповедные дали», «Алешкин стежки», «Каменная сказка». Дәрісті өткізу кезінде адамдардың жаңа нәрселерді тануға, соның ішінде қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығының көрінісі көрінеді. Мұражаймен танысқаннан кейін көбінде қорыққа баруға, Кенді Алтайдың табиғи алуан түрлілігі туралы көбірек білу қызығушылық туындайды. 

Мұражай бойынша экскурсияларды ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары сенбі мен жексенбіден басқа күн сайын 8-ден 17.00-ге дейін өткізеді (үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Мұражайға бару үшін төлем алынбайды.

Мекен-жайлы: Семипалатинская көшесі,9.

Телефон: 8(72336)4-09-27

 

View the embedded image gallery online at:
https://zagpz.kz/kz/tabi-at-m-razhajy.html#sigFreeId1ef229854d