Кеше «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді, онда қорықтың заңгері А. С. Абдрахманова аталған тақырып бойынша бейне материалдар көрсетті.
Кадр бөлімінің қызметкері А. Б. Каракулова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бекітілген кестеге сәйкес дәріс өткізді. Сондай-ақ, қорық аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін мемлекеттік инспекторлардың қорық аумағына кезекті кірулері алдында жиналыс өткізілді. Бұл жиналыс директордың орынбасары Л. Н. Винокурова мен табиғи кешендер мен нысандарды қорғау қызметі бөлімінің бастығы С. М. Баянбаевтың қатысуымен ай сайын өткізіледі, мұнда мемлекеттік инспекторлардың проблемалық мәселелері талқыланады және 15 күнтізбелік күндік вахта мерзіміне тапсырмалар айтылады.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/369-cybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-shara-tkizildi.html#sigFreeId65133d1bd5