Орман экожүйесін сақтау бойынша БҰҰДБ жобасымен Орман шаруашылығы және Агроорман мелиорациясының қазақ ғылыми- зерттеу институты Шығыс- Қазақстандық филиалы негізінде «RESISTOGRAPH R650-EA» ағаштардың ішкі жағдайына диагностика жүргізуге аспаптарды қолдану бойынша оқыту семинары өтті, 

сонымен қатар ағаштардың жағдайы монитрингін жүргізу үшін «LINTAB LTM06-P» жылдық сақиналарды өлшеуге станцияларды қолдану бойынша да. Оқытуды «ЗДОРОВЫЙ ЛЕС» ЖШҚ ағаш сараптамалары Мәскеу орталығының сарапшылары жүргізді. 
А.В. Анциферов- Ағаш сараптамалары орталығының басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Europen Tree Worker ағаштарын күтіп- баптау бойынша сертификатталған маманы, «RESISTOGRAPH R650-EA» аспабымен жұмыс бойынша сертификатталған сарапшы. 
А.В. Черакшев- Ағаш сараптамалары орталығының жетекші сарапшысы, Europen Tree Worker ағаштарын күтіп- баптау бойынша сертификатталған маманы, «LINTAB LTM06-P» аспабымен жұмыс бойынша сертификатталған сарапшы. 
Оқыту семинары Шығыс- Қазақстан облысы ЕҚТА және орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін өткізілді. 
Семинарға қатысушылар: 
1. ҚР БҰҰДБ Жобасы Т.Тәукенов- экожүйе және биологиялық алуантүрліліктің экологиялық мониторингі бойынша сарапшысы 

2. Орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы қазақ ғылыми- зерттеу институтының Шығыс- Қазақстандық филиалы 

3. Орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясының қазақ ғылыми- зерттеу институтының Алматы филиалы 

4. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

5. «Пихта орман шаруашылығы» КММ 

6. «Риддер орман шаруашылығы» КММ 

7. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы