Қияқөлең (Carex) – қияқ тұқымдастарынан (Cyperaceae) шыққан көп жылдық өсімдік түрі, түрлері өте көп. Батыс-Алтай қорығында солардың жиырма бесі өседі.

 

Қияқөлең тау беткейлерінің, құмды топырақтадрың дала және шөлді түрлерінің сенімді бекітушісі болып табылады. Жартастың шетінде өсетін қияқөлең  оның жайылып өсуіне мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, кейбір түрлер жер асты суларының деңгейінің индикаторы бола алады, ал қамыс пен қоғалармен  бірге су қоймаларына  тазартқыш бола  алады.  

 

Қытайда қияқөлеңді ерекше қастерлейді, бұлғын мен адамшөппен қатар елдің қазынасы деп санайды. Аңыз бойынша сиқырлы жарқанат осы қияқөлеңнің тұқымын кедей отбасының үйіне  келіп шашқан екен,ал ол үйдің баласының көрпесі тозып кеткен екен. Содан анасы осы қияқөлеңнің мамық және жылы түгінен жаңа көрпе тоқып берген деседі. Сондай-ақ, "ула-цао"  қытайлық  қияқөлеңнің атауы моңғол сөзінен шыққан, оны аяқ киімге жылылық ретінде қолданғандықтан "Табан" деп атаған.  Қияқөлеңнің әртүрлі түрлері бүгінгі күні де тұрмыс- тіршілікте қолданылады. Онымен жиһаздарды толтырады, бұрын тіпті матрас пен жатықтарды да толтырған екен.  Қияқөлеңнің  барлық ірі түрлерінде берік талшық бар және олардан сөмкелер, төсеніштер мен орауыштар тоқылған. Қияқөлең- ежелгі сәндік мәдениетке жатады, сондықтан ландшафт дизайнында сұранысқа ие.

 

Қаттылығына байланысты ірі қара мал нашар жейді, бірақ бұл бархытша көбелектері, кокон құрттары, откөбелек, жапырақ ширатқыш көбелек  үшін  жемдік өсімдік.

 

Қияқөлең суқоймаларының жағасында қалың өсетін өсімдік ретінде шығармашылық жұмыстарды жасауда назарсыз қалған жоқ. Сондай-ақ, бұл өсімдік геральдика мен әдебиетте қолданылады. Қияқөлеңнің  кейбір түрлеріне қорғау  мәртебесі беріліп, олар әртүрлі елдердің Қызыл кітабына енгізілген.

 

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Ю.А. Маткова.

 

Фото авторы Н.В. Премина