«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік–шығысында орналасып, Ресей Федерациясымен шекараласады. Қорық аумағы – 86122 га.
Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимараты Риддер қаласында, облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай темір жолмен 100 шақырым немесе автожолмен 120 шақырым арақашықтықта орналасқан.
Қолжетімділігі. Риддер қаласынан – қорық аумағының шекарасына дейін Республикалық маңызы бар тас жолмен 48 шақырым.
Заңды мекен-жай және реквизиттері
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 9
Тел.8 (72336) 7-72-87 Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
БАМТҚ құрылу тарихы
Қорықты Батыс-Алтай аумағында құру қажеттігі туралы ұсынысты КСРО ҒА география Институтымен орындалған Ғылыми негіздемеде бірінші рет айтылған соң осы ұсынысты жүзеге асыруға бірінші қадамдар жасалды.
1990 жылы ұзақ өткен келісулерден кейін Қазақ СРО Министр Кеңесінің тапсырысына сәйкес Казгипроград жоба институтымен Батыс-Алтай мемлекеттік қорығын жоспарлау Жобасы жасалды. Бұл жобаның негізінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 3 шілдесіндегі №1519-ХП Қаулысымен «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» 56 078 га аумақта құрылған.
Қорықты ұйымдастыру үшін Лениногор ЛХПП –ның 33 871 га және Зырян ЛХПП- ның 22 207 га жері берілді.
Қорық аумағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 07 қарашасынан бастап 86 122 га көлеміне дейін көбейтілді, соның ішінде орман қамтылған алаң-38 272 га, 2008 жылдың 1 қантарынан Қаулы күшіне енді.
Қорық Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың ең жоғары санатына жатады. Мемлекеттік меншіктегі қорықтың жерлері мекемеге мерзімсіз жалға берілді және олар табиғи ресурстарын пайдалану үшін қолданылмайды. Жер учаскелері және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи – қорықты қордың нысандары жекешелендіруге жатпайды; жерді алып алуы рұқсат етілмейді. (ҚР «ЕҚТА туралы» Заңының 4 т. 15 бабының 2 тармағы, 23 бабының 1,2 тармағы).
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Табиғатты қорғау Халықаралық бірлестігіндегі табиғи аймақтардың 1 б санатына сәйкес.
2007 жылғы 27 желтоқсандағы №385 Шығыс Қазақстан облыс Әкімдігінің қаулысымен қорықтың ҚР және РФ мемлекеттік шекарасының периметрінен басқа, қорық аумағының периметрі бойынша ені 2 шақырым күзету аймағы орналасқан. Күзету аймағының жерлері негізгі жер пайдаланушылардан алынған жоқ, олар ауыл шаруашылық тағайындау және орман қорының жерлерінен құрылды.
Күзету аймағында табиғаттың қалыпты жағдайын түбегейлі бұзатын қандай да іс-әрекеттерге тыйым салынады. Қорықтың ұйымдастырылуы және қалыптасуы еліміздің экономикасының жаппай құлдырауының қиын кезеңіне келді. 2004 жылдан бастап қана қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде қаржыландыру басталды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы өткізілуге тиіс аумақтың барлық табиғи нысандарын толық түгенделуі мен жеткіліксіз меңгерілуі сияқты себептермен түсіндіріледі. Бірінші кезекте аумақты жекелей шығару мен онда күзет орнатуды енгізу бойынша жұмыстарды шұғыл жүргізу қажет.
1992-1993 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан жер орналастырушы басқармасымен қорықтың тапсырысы бойынша қорықтың шекаралары анықталды. Қорықтың аймағы сол уақытқа ең мықты мамандармен зерттелді (Ткач, 1973; Котухов , 1975; Байдавлетов, 1984; Байтулин, 1991; Ракитянская, 1991; Цыганов, 1992).
1999 жылғы 3 маусымынан мекеменің атауы – «Батыс –Алтай мемлекеттік табиғи қорығы». 2003 жылғы 21 наурызынан «ЕҚТА туралы» Заңының шығуымен, қорықтың мәртебесі өзгертілді – «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2004 жылдан бастап тұрақты жер пайдаландың құқығын қайта рәсімдеуіне байланысты ММ «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» ММ «ВОСТОКНПЦЗЕМ» қорыққа бекітілген 56078 га жері расталды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-11 Жер Кодексіне сәйкес Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы бекітілген жерлерге тұрақты пайдалану құқығы Актісін алды.
Қорықты ұйымдастыру кезінде, ауданның аз меңгерілуіне байланысты кейбір құнды өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің мекендеу орны, есепке алынбады, сондай-ақ сібір қарағайының құнды ауқымы қорықтан тыс қалды.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 10 қарашадағы №1692 Үкімет Қаулысымен мақұлданған «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орналастыру және даму концепциясына» сәйкес 2004 жылы қорықтың аумағын кеңейту ұсынысы пайда болды.
Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығының Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің зерттеуі бойынша, сондай-ақ Алтай ботаникалық бау-бақшасының, Алтай орман тәжірибе станциясының мамандарының және Шығыс Қазақстан аймақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы мамандарының деректерін есепке ала отырып, қорық аумағына қосылатын 3 учаске анықталды. Алматы «ЭКОПРОЕКТ ltd» ЖШС мен қорық қызметкерлері сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін анықтау үшін зерттеу жүргізді.
Өткізілген талдау бойынша қорықтың барлық аумағында және оған қосылатын учаскелерінде табиғатты қорғаудың жоғары маңыздылығы бар екені анықталды
- «ҚР орман кодексіне» сәйкес орман ауқымының, әсіресе қара тайганың жоғары мәртебесі бар.
- Қазақстанның Қызыл Кітабына енген өсімдіктердің өсу жерлері.
- Тұяқты жануарлардың бұзаулау және олардың маусымдық ауып кету жерлері.
2007 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының үкіметінің қорық аумағының кеңейтілуі жайлы Қаулысы 2008 жылдың 1 қантарынан күшіне енді. Осыған сәйкес қорық шекарасы өзгертіліп, Риддер орман шаруашылығы КММ, Каменушка учаскесі және Светлый ключ, Зырян орман шаруашылығы – Тұрғұсын учаскесі есебінен аумақтың көлемі 30 044 га дейін кеңейтілді. Қазіргі уақытта қорықтың жалпы аумағы 86 122 га құрайды. Қорықтың аумағы өзінің табиғи-климаттық және эстетикалық жағдайымен Батыс Алтайдың барлық орта таулы және биік таулы көрінісін, өзгеше келбетін қамтып кӛрсетеді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігіне ие.
Батыс –Алтай қорығының қазіргі құс фаунасында 162 түрі бар, соның ішінде 120 түрі ұялайды. Болашақ зерттеулерде бұл тізім ұшып келетін, ұшып кететін және қоныстанатын түрлер үшін кеңейтіледі. Батыс-Алтай қорығында қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстардың 6 түрі бар екені анықталды, соның ішінде 5 түрі ұялайды (қара құтан-ciconia nigra. Бүркіт- aguila chrysaetos. Сапсан- falco peregrinus. Сұр тырна – grus grus, үкі- bubo bubo ) және 1 түрі балобан – falco gherrug, жылы жерлерге ұшу кезінде кездеседі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
республикалық мемлекеттік мекеменің қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдау анықтамасы
30 мамыр 2024 жыл Риддер қаласы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес қорық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 айдағы қызметінде мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Мекеменің ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2024 жылғы 01 мамырдан 2024 жылғы 30 мамырға дейін.
- МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.
Толық атауы: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі. БСН 990640003055.
Ереженің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында табиғи процестерді, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігі мен генетикалық қорын табиғи жай-күйде сақтау және дамыту жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады және республикалық маңызы бар санатқа ие болады.
Ереженiң 4-тармағына сәйкес Мекеменiң Құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы Мекеме өз қызметінде басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 27-5/24-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені зерделеу барысында Мекеменің қызметін қозғайтын функциялар және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілер талданды (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі,Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» , 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477-II Орман кодексі, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593-II «Жануарлар дүниесін күзету, молайту және пайдалану» Заңы , Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілері).
Осы құқықтық актілерді талдау кезінде мекеменің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы, нормативтік актіге (Заңдар, ережелер, стандарттар, регламенттер) өзгерістер немесе толықтырулар енгізуді талап ететін қайшылықтар анықталған жоқ.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.
Мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде 2023 жылы ішкі талдауға мынадай бағыттар ұшырады:
1) Персоналды басқару
Мекеменің штат саны 72 бірлікті құрайды, оның ішінде басшылық құрам - 3 бірлік, бөлім басшылары - 3 бірлік, қазіргі уақытта 18 бірлік бос. 2023 жылы қорықта 13 адам өз еркімен жұмыстан шығып, 14 адам жұмысқа қабылданды. Кадрлардың ауысуы 14 адамды құрады.
Тәртіптік жазалары бар қызметкерлерді көтермелеу анықталмаған.
Заңнаманы бұзған (тәртіптік теріс қылық жасаған) қызметкерлерге және олардың басшыларына тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау анықталмады.
2023 жылғы теріс себептер бойынша жұмыстан шығу фактілері - 1 (өрт сөндіру күзетшісі Яковенко).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Мекеме мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды. Ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету
«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру
«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды
5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
"Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де бюджет қаражатын пайдалану қатаң ҚР заңнамасына сәйкес сақталады, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі тұрақты қаражатын, тауар-материалдық құндылықтарды жоспарлау мәселелері бойынша қолданыстағы жүзеге асырылады, сондай-ақ бюджет заңнаманың және ҚР басқа да құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйіне бақылау жүргізіледі. 2023 жылы бюджетті игеру 98,35% болды, қалдық техниканы жеткізу жөніндегі жеткізушінің шартты орындамауынан 1,65% 4473,0 мың теңгені құрады.
7) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер:
Мемлекеттік сатып алу:
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен дер кезінде шарттар жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену, Мекеменің басшы құрамының жақын туыстарының, ерлі-зайыптыларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерінің өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу материалдарын іріктеп талдаумен заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
2023 жылы «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ «Е Өтініш» сервисі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 6 өтініш келіп түсті, олар заңмен белгіленген мерзімде қаралды.
Жеке қабылдау барысында («Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорына) өтініш түскен жоқ.
Құқық бұзушылыққа әкелетін фактілерді немесе әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында Мекемеде + 7 (72336) 77287 «сенім телефоны» ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар.
Мекемеге қатысты тексерулер:
Мекемеге қатысты тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлер тарапынан әкімшілік және қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Сот актілері (саны, қандай мәселелер бойынша):
Мекеме қызметкерлеріне қатысты 2023 жылғы сот актілері болған жоқ.
БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі
Мекеме қызметкерлеріне қатысты теріс материалдарды анықтау мәніне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталмаған.
Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы Мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Қорытынды:
Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар:
Күнделікті практикаға сүйене отырып заңнаманы жетілдіру бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу бойынша жұмысты ұдайы жүргізу;
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жалпы оқыту тұрақты негізде жүргізу;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайларында жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлау;
Жұмыс тобының жетекшісі
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
директордың орынбасары Винокурова Л.Н.
Жұмыс тобының хатшысы
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
кадр бойынша инспектор Каракулова А.Б.
Жұмыс тобының мүшесі
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
ҒМЭАжТ бөлімінің жетекшісі Токымтаев А.Т.
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
ТКмНКҚ бөлімінің жетекшісі Биахметов А.Б.
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
ҚжҰ бөлімінің жетекшісі Ералева И.Н.
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Эктова Т.В.
«Батыс-Алтай МТҚ» РММ
заңгері Баймұханбетов Ж.С.
Танысты:
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
РММ директорының м.а. С.Баянбаев