Сүтқоректілер классы
Иконников жарқанаты - Myotis ikonnikovi Ognev, 1911
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. IV-ші санат. Саны аз, зерттелмеген түр.
Мекендейтін жері
Негізінен тайганың таулы жерлерінде, үлкенді-кішілі тайга өзендерінің жайылымдарында, қыстау кезінде сирек табиғи үңгірлерде кездестіруге болады.
Биологиялық ерекшелігі
Тіршілігі өте аз зерттелген. Бұлар аздаған шоғыр құрып немесе жеке-жеке тіршілік етеді. Қорегін аулауға қараңғы түнде шығады. Өте баяу, әлсіз ұшады. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Түнде белсенді.
Балықтар классы
Таймен - Hugo taimen Pallas, 1773
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. II-ші санат. Саны күрт азаюда. ШҚО дағы Ертіс өзені алабының ең ірі албырт балық тұқымдасы.
Мекендейтін жері
Батыс-Алтай қорығында Оба өзенінің алабында мекендейді, Тұрғысын, Ақ және Қара Оба өзендерімен жоғары көтеріледі.
Биологиялық ерекшелігі
Көктемде қыстауынан шығып, тау өзендерінің жоғарғы бөлігіне көтеріледі. Маусымда өзен ағысымен төмен түсіп, қазан айында өзеннің саласына жетеді. Қысты тау өзендерінің терең шұңқырларында немесе Ертіс өзені мен Бұқтырма суқоймасының терең жерлерінде өткізеді. Таймен - жеке-жеке тіршілік ететін жыртқыш балық, денесінің ұзындығы 10-15 см жеткен кезде балықтармен қоректене бастайды. Ересектерінің салмағы 5-10 кг болады, кей кездерде 30 кг дейн жетеді.
Құстар классы
Үкі - Bubo bubo Linnaeus, 1758
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. II-ші санат. Саны күрт азаюда. Аймақта сирек кездеседі. Ұялайды.
Мекендейтін жері
Әртүрлі жерлерді мекендейді. Таулы тайгада ормансыз ашық жайылымдарда ұялайды. Ұяларын айналасы тегіс жерлерде орналасқан балшықты немесе тасты құздарға салады. Шығыс Қазақстандағы барлық дерлік ұялардың маңында өзен, көл,батпақ немесе бастау бар.
Биологиялық ерекшелігі
Үкі - ұялайтын құс, күз және қыс маусымдарында тау биіктік бойымен қоныс ауыстырады, немесе қоректенетін жануарлары көп шоғырланған жерлерге барады. Жұптардың ұяларының арақашықтығы алшақ болады, бірақ қорек көзі тапшылықта болған жерлерде ұялардың арақашықтығы 600-700 м болуы мүмкін Қазақстанда мекендейтін үкілердің саны белгісіз. Шығыс Қазақстанда 20-дан астам жұптар ұялайды.
Құстар классы
Таз тырна - Grus grus Linnaeus, 1758
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген III-ші санат. Қазақстанның авиафаунасындағы 3 тырнаның бір түрі. Аймақта сирек кездеседі. Ұялайды.
Мекендейтін жері
Сулы - батпақты жерлерге жеке жұптармен ұялайды. Батыс Алтайдайдың орташа тауларында, Қара Оба және Ақ Оба өзендерінің батпақты жайылымдарында кездеседі. Аймақта саны күрт азаюда.
Биологиялық ерекшелігі
Судың арасындағы биігірек дөмпешіктерге ұялайды. 2-3 жұмыртқаны жұп кезектесіп 1 ай басады. Күзгі миграциясы қыркүйекте басталады.
Құстар классы
Лашын - Falco peregrinus Tunstall, 1771
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. I-ші санат. Жойылып кету қауіпі бар түр.
Мекендейтін жері
Антарктидадан басқа барлық материктерде кездеседі. Таулы-орманды ландшафттарда, ашық таулы-жартасты далаларда мекендейді. Қазақстанда екі жерде ғана ұя салады (Наурызым және Алтай).
Биологиялық ерекшелігі
Жылы жерлерге ұшып кететін құс. Шығыс Қазақстанда ұялары жартастардан табылған. 3-4 жұмырқаны 28-35 тәулік басады. Балапандары ұядан 35-42 күн аралығында ұшып шығады. Негізгі қорегі ұсақ құстар, оларды ауада аулайды. Бұл түрді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар АҚШ дағы халықаралық жыртқыш құстар орталығында жүргізілген.
Құстар классы
Ителгі - Falco cherrug Gray, 1834
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. III-ші санат. Сирек кездесетін түр. Саны азайып баруда.
Мекендейтін жері
Бірқалыпты жазықтар мен бірқалыпты тайга ормандарынан басқа кез келген жерге ұялауы мүмкін. Бұл түрдің Шығыс Қазақстанда көптеп кездесуі мен ұялауының негізгі факторы ителгі қоректенетін кеміргіштердің көптігі болып табылады.
Биологиялық ерекшелігі
Шығыс Қазақстанда ителгі негізінен қыстайтын құс, бірақ кейде тек жас құстары ғана жылы жерлерге ұшып кетуі мүмкін. Сәуірдің соңы мен мамыр айының басында жұмыртқа басуға кіріседі. Ұяда 2 ден 6 дейін жұмыртқа болуы мүмкін, балапандары 40-45 күннен кейін ұядан алғаш рет ұшып шығады. Ителгі ұсақ құстармен және кеміргіштермен қоректенеді.
Құстар классы
Бүркіт - Aquila chrysaetos Linnaeus, 1758
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. II-ші санат. Сирек кездесетін түр. Саны азайып баруда. ТМД да кездесетін 5 түрдің ішінде ең ірісі және мықтысы.
Мекендейтін жері
Бүркіт әртүрлі ландшафттарда мекендейді. Шығыс Қазақстанда таулы-орманда және орманды-далада ұялайды. Бүркітке ашық аймақтар, құздар мен жартастар болғаны маңызды.
Биологиялық ерекшелігі
Егер қорек көзі көп болса қысы-жазы бір жерге ұялайды. Ұяда көбінесе 2 жұмыртқа болады, жұмыртқа басу 45 күнге созылады. Балапандар 2-2,5 айдан кейін ұядан ұшып шығады. Негізгі қоректері суыр, қоян және құр.
Құстар классы
Қара дегелек - Ciconia nigra Linnaeus, 1758
Мәртебесі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. III-ші санат. Сирек кездесетін түр. Саны тұрақты.
Мекендейтін жері
Шығыс Қазақстанда әртүрлі жерлерде кездеседі, өзен жайылымдары бар тайга орманында және өзендері бар таулы-жартасты далаға қоныстанады.
Биологиялық ерекшелігі
Шығыс Қазақстанға қара дегелек тау етегінен қар кетіп, өзендер мен көлдердің бетінен мұз еріген кезде ұшып келеді, әдетте көктемнің наурыз-сәуір айлары аралығында. Күздің қазан айында жер бетіне шық түскен кезде жылы жерлерге ұшып кетеді. Көбінесе құздар мен теректерге ұя салады, ұяның диаметірі 2,5 м дейн жетеді.