Құрметті Риддер қаласының қонақтары мен тұрғындары!
Біз сіздерге «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ өз жұмысын жандандырғанын хабарлаймыз.
Сіздер табиғат мұражайына тегін келе аласыздар (мекен-жайы: Семипалатинская көшесі,9- ХҚО қарама-қарсы) сағат 8.00-17.00 дейін, сенбі мен жексенбіден басқа. Анықтама телефоны: 4-09-27.
Осымен бірге «Заповедные дали» және «Эталон Западного Алтая» бағыттары ашылды. Өтінімдер онлайн тәртібінде қабылданады, ресми сайтта: www.zagpz.kz. Өтінім жіберілген соң қорық аумағына баруға қатысты ақпаратты күту қажет.
Қорық әкімшілігімен байланыстан соң бағыттық парақшаларды рәсімдеу үшін Сізге БАМТҚ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөліміне келесі құжаттарды ұсыну керек:
- Топ қатысушыларының жеке куәліктері (балалар үшін- туу туралы куәлік, шетелдіктер үшін- шетелдік төлқұжат);
- Техникалық төлқұжат, жүргізуші куәлігі, өтініш (егер өз көлігіңізбен барсаңыз);
- Қосымша қызметтердің төлем чегі (соқпақтарды пайдалану, гид- экскурсия жетекшісі/ инспектор)- қорықтың бухгалтериясында төленеді
- Оқу орнынан бұйрық;
Осымен бірге ҚОРЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН төлеу қажет:
Ересек адамнан: 2500 тг. 1 күнге 1 адамнан (экскурсия жетекшісі- 1000 тг. және соқпақты пайдалану- 1500 тг.)
Оқушыдан: 1250 тг. 1 күнге 1 адамнан (-50% жеңілдік сол қызметтерге)
- Көлік (қажет болғанда) топтан: 41 700 тг. Урал вахтовка (28 орын), 16 000 тг. УАЗ таблетка (7 орын), 12 200 тг. УАЗ (3 орын).
Бағасы:- туристтік үйде қону бір адамнан 2500 теңге тәулігіне;
- Монша 1800 теңге 1адамнан/ сағатына;
- Шатырды жалдау- 500 теңге 1 адамнан күніне;
- Жылқылар- сағаты 500 теңге.
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған кезде Сіз бағыттық парақ аласыз, қорық аумағына рұқсатнама. Белгіленген уақытта «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ әкімшілік ғимаратына келесіз табиғат мұражайын көру үшін және соқпақтармен саяхаттауға аттанасыз.
Қорық аумағында өзіңізбен бірге келесі заттар болсын:
1. Жеке куәлік (туу туралы куәлік, шетелдік төлқұжат)
2. Көлікке рұқсатнама (алдын-ала рәсімдеу- өтініш жазылады, техтөлқұжат беріледі, жүргізуші куәлігі)
3. Бағыттық парақ
4. Жылы киімдер (бас киім, сулық, етік, ыңғайлы аяқ киім, жолдорба)
5. Құрғақ азық, кенеден, шіркей мен масадан қорғайтын құралдар
Саяхат кезінде Сіздер қорықтың көрікті жерлерін көресіздер. Барлық қалаушыларды қорық мұражайына және «Заповедные дали» бағытына келуге шақырамыз.