Мақсыр рапонтикум немесе маралтамыр- қарқаргүл тұқымдасынан, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік.

 

Бұдан басқа, мақсыр рапонтикум жуан бас мақсыр деген атпен де белгілі, мақсыр стемаканта, маралтамыр. Маралтамыр көпжылдық, шөпті, гүлдейтін өсімдік, оның сабақтары мықты, диаметрі 1 см дейін, биіктігі 0,6-1,5 м, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи аумағында альпілік белдікте өседі, теңіз деңгейінен 1200-2300 м биіктікте. Әр сабағында гүлдену кезеңінде (шілденің бірінші жартысында) тек бір ғана тостаған тәрізді гүлшоғыры (гүл себетінің диаметрі 4,5-6,0 см) пайда болады, түтік тәрізді гүлінен, түсі қызғылттау- ашық күлгін түстен күлгін түске дейін. Тұқымдары ірі (8 мм дейін), қою қоңыр, ұлпа қылшықтардан «айдар» іспеттес аяқталады, шілденің аяғында- тамыздың басында пісіп жетіледі.

 

Мақсыр рапонтикум медицинада әлсіреген ағзаны қалпына келтіру үшін, иммундық қасиетті көтеру, есте сақтау қабілетін жақсарту, бұлшық ет жұмысын күшейту және жүрек- тамыр жүйесі үшін.

 

Рапонтикумның дәрілік өсімдік ретінде танымалдылығы оның табиғи өсу жерлерінде жойылуына әкеп соқтырды. Мамандырылған шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтардан басқа бұл емдік шөпті үй іргесіндегі және саяжай іргесіндегі телімдерде өсіріп жатыр.  Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою барлық категориялардағы жерлерде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке және заңды тұлғалар болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдіктер түріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады және 3- 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үштен жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы, мүлікті толық тәркілеумен бірге, белгілі бір лауазымды немесе қызметпен айналыса алмау бес жылғы мерзімге шейін.