Алтай рауғаш- суыққа төзгіш, сирек өсімдік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдік көктемгі қатыруларды көтереді -10 С0 дейін, топырақтың еруіне қарай өсуге ұмтылады, 8-10 С температурада жақсы өседі.
Жарықты көп талап етпейді. Өсімдік үшін жайлы, ылғалды топырақ керек, бірақ суы тұрып қалмайтын. Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында тастар арасында, шөгінділерде өседі. Тамаққа қысқа шыбықтары алынады, онда қант бар 2,5%, органикалық қышқылдар (алмалы, лимонды, қымыздықты, янтарлы) 3,5%, калий тұзы, калций, фосфор, магний. Алтай рауғашынан нәрсу, кисель, тосап, шарап жасайды. Дәрілік шикізат болып тамыр сабағы мен тамыры жатады.
Тамыр сабағы мен тамырында екі негізгі биологиялық белсенді заттардың тобы бар: тангогликазидтер, қуыратын қасиетті қамтамасыз етеді және пантигликоидтер ішектің жиырылуын күшейтеді. Жапырақтарында аскорбин қышқылы, эоргтерин, темір тұзы, қымыздық пен алма қышқылы, Р – витаминдік әсерлі заттар.
Тамыр сабағы мен тамырын күде қазып алынады, жуады, сосын 60 С0 температурада кептіреді, бөлікке бөліп алып. Шикізат 5 жылға дейін жарамды.
Өкінішке орай, алтай рауғашына қауіп төндірілуде, себебі оны белсенді жүйесіз дайындама ретінде дайындайды, дәрумені жоғары өсімдік ретінде, өсу орнының бұзылуы да бар. (әсіресе жақын маңдағы тұрғындар мекені). Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою барлық категориялардағы жерлерде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке және заңды тұлғалар болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдіктер түріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады және 3- 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үштен жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы, мүлікті толық тәркілеумен бірге, белгілі бір лауазымды немесе қызметпен айналыса алмау бес жылғы мерзімге шейін.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/489-altaj-rau-ash-te-pajdaly-simdik-zhojylyp-ketu-aupinde.html#sigFreeId871ea7180d