Сібір қандық- Қызыл ктапқа енген өсімдік. Ең ерте шығатын гүл. Қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда «азу» дегенді білдіреді.
Бұл түр Шығыс Қазақстанның солтүстігінде таралған, Алтай тауларының оңтүстік беткейлерімен сонымен қатар Батыс- Алтай қорығында да таралған.Орман аймағының оңтүстік бөлігінде кеңінен таралған, таулы- орманды және субальпілік белдіктерде де бар. Қараңғы қылқанды және аралас ормандарда өседі, орман жиегінде, субальпілік шалғындарда, көктемгі уақытта әдемі пейзажды құрайды. Шөпті пиязды 20 см өсімдік лалагүл тұқымдасынан, олар ерте көктемде ашылып, гүлдейді, бұдан кейін жер үсті бөлігі өледі. Жапырақтары ықшам, жасыл кейде дақтары болады, қызыл- жасыл суреттерімен. Гүлдері ашық күлгін қызғылт түстес, қоңыраулы, ірі ұзындығы 2,5-5,5 см. Жазық бөлікте мамырда, таулы жерде –маусым-шілдеде гүлдейді. Дәрілік шикізаты болып баданасы табылады., оны көктемде гүлденуден кейін даярлайды. Баданасында крахмал, глюкоза, ақуыз, шырыш бар.
Медицинада қолданылуы: халықтық медицинада будақтары түйілу мен қояншықта қолданады. Ертеректен тамаққа пайдаланылады. Кесілген баданалары кептіріліп, ұнға езіледі. Будақтарын шикідей жейді, пісіреді немесе маринаттайды, пивоны алмастыратын сусын жасайды.
Тамыз- қыркүйекте қандықтың баданаларын ыдысқа отырғызып, қараңғы жерге қояды. Сосын құрғақ мұздатпайтын жерге ауыстырады сосын оны желтоқсанға дейін ұстайды. Желтоқсанның соңында жылы бөлмеге кіргізіп, суара бастайды. Ақпанда гүлдейді. Пайдаланылған баданаларды күзде жерге отырғызады.
Назар аударған жөн, флораның бұл түрі сирек кездеседі және Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында қорғалады. Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою барлық категориялардағы жерлерде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке және заңды тұлғалар болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдіктер түріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады және 3- 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үштен жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы, мүлікті толық тәркілеумен бірге, белгілі бір лауазымды немесе қызметпен айналыса алмау бес жылғы мерзімге шейін.