2022 жылы 26 сәуірде «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің бастығы Баянбаев С.М., орман шебері Биахметов А.Б. қорық аумағында мемлекеттік инспекторлар және өрт сөндіру күзетшілерінің жұмысына тексеріс жүргізді. Өрт қаупі маусымы кезеңінде барыншы мұхият болуды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тапсырды. «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің күзету аймағы, «Ақ Оба», «Қара Оба » аймақтарында жүргізілді. Тексеру нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық тіркелмеді, бөгде адамдар қорық аумағында анықталған жоқ.