Ақыры көктем қорыққа да жетті! 19 сәуірде Ақ Оба айналма жолында, оңтүстік экспозицияның тік баурайында алтайлық торсылдақтың, сібір қандығының және алтай желайдарының алғашқы гүлдері (теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте) көрінді.

Көксу кордонында (теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте) әлі де нағыз қыс, қар жамылғысының биіктігі қар өлшегіш төрткілдеш бойынша 130 сантиметр.