«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ "Парктер шеруі 2022" акциясы аясында 11 наурыз бен 3 сәуір аралығында онлайн-тестілеу түрінде өткен Орман олимпиадасын ұйымдастырды. Алдын-ала қорықтың сайтында Батыс-Алтай қорығы туралы дәріс жарияланды, оны кез-келген адам оқып, ақпарат ала отырып дайындала алды. Кейін онлайн-тестілеуге сілтемелер жарияланды. Орман олимпиадасына барлығы 25 бала қатысты (негізінен 7-8 сынып оқушылары). Қатысушылар тек біздің қаламыздан ғана емес, Өскемен, Қостанай, Алматы қалаларынан да болды. Қатысушылардың көпшілігі электронды түрде сертификаттарын алды. Риддерліктер – Абакумова Полина, Перевалова Анна, Бердибеков Мерей, Серікбеков Дамир, Бекарыс Бекқазы, Жаравина Кристина, Томанова Сабина, Болотова Нина, Огнева Лейла, Дроздова Вероника үздік нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздарды 6 сәуірде сағат 15:00-де Батыс-Алтай қорығының табиғат мұражайына Орман олимпиадасында жоғарғы нәтиже көрсеткендері үшін марапаттауға шақырамыз.