«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» 2021 жылдың 21 желтоқсанында Өскемен қаласында А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен фотокөрменің салтанатты ашылуына қатысты.. Фотобайқауды ұйымдастырушы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» болды. Байқау ұлттық парктің 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.
Фотобайқаудың мақсаты – Шығыс Қазақстанның табиғатын көрсету. Фотобайқау 2021 жылдың 1 сәуірі мен 20 қарашасы аралығында өтті. Фотобайқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 номинация бойынша 500-ден астам жұмыс, 64 автор қатысты. Іріктеу турынан 53 автордың 333 жұмысы өтті. Байқаудың финалына 100 жұмыс өтіп, оның 30-ы естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның қонақтары Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, Константин Павлович Прокопов және т.б. Бұл байқауға біздің қызметкерлер де қатысты: Маткова Юлия ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы, Премина Наталья Викторовна – ҒМЭАжТ бөлімінің аға ғылыми қызметкері, «Бәріне ұқсамайды» номинациясы бойынша «Шығыс Қазақстан флорасы» және «Табиғат» номинациясы бойынша «Тас ертегінің саңырауқұлақтары» бойынша фотографиялық жұмысы үшін екі 3-орынға ие болды. ҒМЭАжТ бөлімінің экскурсия жетекшісі Матков Дмитрий Олегович ғылымды танымал етуге қосқан үлесі үшін алғыс хат алды.
Катонқарағай табиғат қорғаушылары байқаудың үздік жұмыстарының фотокөрмесін ұйымдастырып, ақпан айына дейін А.С.Пушкин атындағы кітапханада көрсетіледі. «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»РММ ұжымы #AltaiPhotoLife фотобайқауын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғысын білдіреді. Бұл шара халық арасында ең алдымен экологиялық тәрбие, табиғатқа ұқыптылықпен қарау мәселесін көтереді. Фотокөрме өңірдегі туризмді дамытуға үлес қосуда. Шығыс Қазақстан облысының табиғаты еліміздегі ең әсем өңірлердің бірі және үлкен туристтік әлеуетке ие. Фотосуреттер оны барлығына ұсынуға мүмкіндік береді.
Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің экскурския жетекшісі
Матков Д.О.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/877-fotobaj-au-altaiphotolife.html#sigFreeId28991ff84d