Жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау
Ең көңілді және сүйікті мерекелердің бірі жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Жаңа жыл қарсаңында ормандарды және қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының бірі ретінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында жаңа жылдық шыршаларды және басқа да қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз дайындаудың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Шара аясында келесі іс-шаралар жүргізіледі: орман алқаптарындағы жалпы қолданымдағы автомобиль жолдарын патрульдеу. Орман күзетшілері мен полиция қызметкерлерін патрульдеудегі мақсат – жаңа жылдық шырша мен басқа да қылқан жапырақты ағаштарды кесу әрекеттерінің жолын кесу, заңсыз ағаш кескендерді жауапкершілікке тарту.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381-1 бабына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз:
150 АЕК – жеке тұлғалар үшін;
450 АЕК – шенеуніктер, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін;
600 АЕК – орта бизнес үшін;
1500 АЕК – ірі кәсіпкерлік субъектілерге заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін.
Сондай-ақ, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе бүлдіру қылмысын жасаған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 340 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкін тәркілеумен жазаланады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы 441 Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеудің базалық мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты тұқымдардың жойылған немесе бүлінген әрбір ағашы 1 бірлік үшін 15 АЕК мөлшерінде залал өндіріліп алынады.
Құрметті достар, орманымызды қорғайық, табиғатымызды сақтайық және мерекені орман екпелерін заңсыз кесу арқылы өзімізге көлеңке түсірмейік!
Материалды дайындаған ТКмНКҚ бөлімінің бастығы
Баянбаев С.М.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/875-zhas-yl-an-zhapyra-ty-a-ashtardy-or-au.html#sigFreeIdc29e45d691