7 желтоқсанда Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс ақпараты алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұйымдастырған брифингке қатысты. Оған облыстың табиғат қорғау мекемелерінің басшылары қатысты.
Брифингте Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік табиғи қорықтары мен ұлттық парктерінің бірегей табиғи ресурстарды қорғау және сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардағы жетістіктері талқыланды.