Жаңа жыл алдындағы кезеңде жас қылқан жапырақты өсімдіктерді қорғауды күшейту туралы
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» РММ 2021 жылғы 22 қарашадағы № 27-5/254 бұйрығының негізінде қорғауды күшейту туралы «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында 2021 жылдың жаңа жыл алдындағы жас қылқан жапырақты ағаштарды бақылауды күшейту үшін «Ақ Оба», «Палевая Яма», «Денисова Кучиха» кордондарында көлік бекеттері ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры Орсаринов Қ.А., ТКмНКҚ бөлімінің басшысы Баянбаев С.М. және орман шебері Биахметов А.Б. қорық аумағында және қорғалатын аймақта рейдтік іс-шара жүргізілді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік инспекторларға ауысымның алдында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғауды күшейту мақсатында жоспардан тыс нұсқаулық өткізілді. Патрульдеу бойынша мобильді топқа 2 «Тайга Атака» қарда жүретін көлік пен фермер УАЗ автокөлігі бекітілді. Айлық барысында құқық қорғау органдарының, Риддер қаласы прокуратурасының және орман шаруашылығы мекемелерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Қорықта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қылқан жапырақты ағаштарға ұқыптылықпен қарау жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
Орман – байлық, табиғаттың баға жетпес сыйы.
ТКмНКҚ бөлімінің басшысы
Баянбаев С.М.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/851-zha-a-zhyl-aldynda-y-keze-de-zhas-yl-an-zhapyra-ty-simdikterdi-or-audy-k-shejtu-turaly.html#sigFreeIdc5e2a8c7fb