«Шыршаны қорғайық және сақтайық 2022» экологиялық акциясы

 

«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мұражайында «Шыршаны қорғайық және сақтайық 2022» экологиялық акциясын дайындау және өткізу бойынша үйлестіру кеңесі өтті. Бұл акцияның мақсаты – балалар мен ересектерде экологиялық мәдениетті, экологиялық сананы, айналамыздағы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Акция барысында шешілген міндеттер – табиғатқа зиян келтірмей, импровизацияланған құралдардан жаңа жылдық шыршаның баламалы нұсқаларын жасау.

Кеңес жұмысына Риддер қалалық мәслихатының хатшысы, «РГОК Казцинк» ЖШС, Риддер орман шаруашылығы, Батыс Алтай қорығы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің мамандары, іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Боровая Н.А., БАҚ өкілдері қатысты.  Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша БҰҰДБ жобасының сарапшылары және «Ақ-Кем-Риддер» ОМО мүшесі – Каданцева Н.М. - зум бағдарламасы арқылы онлайн режимде болды. Жиналғандардың барлығы ормандарымызды сақтау, Қазақстанның байлығын арттыру мақсатындағы акцияның маңыздылығы мен  қажеттілігін атап өтті. Орман қорын сақтаудағы көпжылдық жұмыстың негізгі нәтижесі Жаңа жылдық мерекелерде шыршаларды кесуді қысқарту болды. Көбі тірі шыршаларды жасанды шыршаларға ауыстырды. Ал бұл - 2000 жылдардың басында «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясын ұйымдастырған «Ақ-Кем-Риддер» ОМО мүшелерінің еңбегі. Ол кезде, жаңа жылдық мерекелерден кейін қоқыс жинайтын алаңшалар жай ғана тасталған шыршаларға толы болатын.

Орман қорын сақтаудағы көпжылдық жұмыстың негізгі нәтижесі Жаңа жылдық мерекелерде шыршаларды кесуді қысқарту болды. Көбі тірі шыршаларды жасанды шыршаларға ауыстырды. Ал бұл 2000 жылдардың басында «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясын ұйымдастырған «Ақ-Кем-Риддер» ОМО мүшелерінің еңбегі. Жиырма жылдан астам уақыт бойы акция жыл сайын өткізіліп келеді,  бұл тек Риддер өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дәстүрлі және сүйікті іс-шараға айналды.

«Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы 01.12.2021 мен 14.01.2022 аралығында жалғасады. Баршаңызды осы акцияға қатысып, қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға үлес қосуға шақырамыз!