Сұр шымшық (лат.Parusmajor) – торғай тәрізділер отрядының, шымшық тұқымдасынан шыққан кең таралған құс. Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық және Солтүстік Азияның бүкіл аумағында мекендейді. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында ол әртүрлі ормандарда, әдетте ашық жерлерде, су қоймаларының жағасында кездеседі. Бұл қоныс аударатын құс емес, өте қатал қыстан басқа уақытта қоныс аудармайды,. Аязды қыста құстар суықтан емес, аштықтан өледі – денесін жылыту үшін дірілдейді және көп күш жұмсайды. Сақылдаған аязда  кейде он сұр шымшықтың тоғызы өледі. Егер жылы қауырсындар құстарды суықтан құтқарса, онда аштықтан құтқаратын нәрсе аз. Мұнда адамдар құстарға көмекке келуі керек. Құстарға жылдың қатал уақытында аман қалуын жеңілдету үшін әр аулада астауларды орнату қажет. Сұр шымшық–біздің астаулардың тұрақты мекендеушісі.

 

Қатты аязда құстар аштықтан өлмеуі үшін астауды тұздалмаған немесе қуырылмаған күнбағыс немесе асқабақ тұқымдарымен толтыруға болады. Тары, бидай, сұлыжармасы: мұндай дәнді дақылдар барлық дәнқоректілерге ұнайды, сұр шымшықтар да ерекшелік емес. Қатты қайнатылған үгітілген жұмыртқа энергияны сақтау үшін қажет ақуыздың құнды көзі болып табылады. Қатты аязда құстар үшін өте қоректік жаңа, тұздалмаған май және сары май, бұл құнды энергия көзі.

 

Сұр шымшықтарды қуырылған шекілдеуікпен, тұзды және ащы тағамдар, бүлінген тағамдар мен нанмен тамақтандыруға болмайды. Шымшықтардың басқа түрлерінен айырмашылығы, сұр шымшықтар өзінің қысқы қорын жасамайды, бірақ басқа құстарға жасырылған жемді шебер тауып жейді.

 

Көшедегі астау - құстың тойымды қысқа мүмкіндігі.  Оның дүкенде сатып алынған немесе өзіңіз жасағаны сияқты қандай болатыны маңызды емес. Құстарға арналған дәмді дәндер мен үгінділер арзан іске тұрарлық, бірақ сіз жасаған игі іс баға жетпес. Кішкентай бір уыс тәттілер сұр шымшықтың өмірін сақтап қалады және ол суық түнде қатып қалмай таңертеңге дейін өмір сүреді, сонымен қатар көктемге дейін шыдай алады!

 

Ақпарат ҒМЭАжТ бөлімініңмаманы И.Н. Завьяловамен дайындалды.