Таугүл – қорық тұңғиығына көктен жауған күлгін жұлдыз

 

Жаз ортасында таудағы өсімдіктерге көз салшы, ондағы биік далалық шөптердің қалың нуы арасында көрінбей қалған шағын және сыйлы қою күлгін түсті өсімдік гүлдеп тұр. Жоғары бүгілген өткір ұшты симметриялы жапырақтарымен ол сүйкімді өсімдік тек өте байқампаз жолаушының көзіне ғана түседі.    

Таугүл (Swertia) – Көкгүлдер (Gentianaceae) тұқымдастығына жататын шөптесін өсімдіктер тобында.  Көкгүлдің жақын туысы. Таугүлдің ғылыми атауының синонимі – Офелия, бұл атау ол өсімдіктің сыйлылығы мен сиқырлығы туралы қиялды одан арттыра түседі.

Батыс-Алтай қорығының аумағында Таугүлдің бір ғана түрі (Swertia obtusa) өседі.  Альпілік және субальпілік алқаптарда өседі, өзендердің жағаларында, селдір тоғайлы жерлерде өседі. Ол оқымысты ғалымдардың және сондай-ақ қарапайым тауға шығатын адамдардың сүйікті өсімдігі болып табылады. 

Тамыр жанындағы жапырақтары – эллиптикалық, сабақты – қандауырлы, көбінесе қарама-қарсы орналасқан болып келеді. Тұқымы – ұсақ тегіс дәндері бар қорапша. Гүлдегенде өсімдіктің сыртқы бейнесі әсерлі тамаша және керемет сұлулыққа ие болады. Таугүлдің гүлдеуі күлгін жұлдыздармен ұқсас келеді, сондықтан көкте жиналған Плеяда сынды күлгін түсті Плейонамен   салыстыруға келеді.

Медицинадан тыс емде таугүл сығындысының негізінде жасалған өнімдер қолданылады. Халық емінде шөп пен тұнбалар әзірлейді. Бұл өсімдік бауырды емдейтін, құрттарға қарсы, сергітетін, асқорытуды жақсартып, тәбетті ашатын қасиеттері бар екені белгілі. Ғалымдар таугүлді қолданған өнімдермен емдеуде кері әсер бар екендігін анықтады, ол қан қоюлану үрдісін баяулататын және қатерлі ісіктің болған кезінде химия терапиясының өтуіне кедергі келтіреді.  

Будда мәдениетінде, грек мифтарында және әлем елдерінің аңыздарында айтылады. Кейбір түрлері қорғалатын мәртебеге ие және Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген, сондай ақ Балтика маңайы мен Беларусь аймақтарында күзетіледі.