«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
далалық кезең аяқталды.
Әр ЕҚТА ғылым бөлімінің қызметкерлерімен ерте көктемнен бастап тікелей өз аумақтарында түрлі жұмыстар жасалады. Бүкіл кезең бойы фенологиялық бақылаулар өткізіледі. Фенология – кезеңдік табиғат құбылыстары туралы, олардың басталу уақыты мен осы уақыттың басталатынын анықтайтын себептері туралы білім жүйесі. Фенология өсімдіктер мен жануарлардың маусымдық құбылыстарын, сондай-ақ қар жамылғысының пайда болған және кеткен кезеңін, алғашқы және соңғы аяздарды, су қоймаларының қату-қатпауын және тсс зерттейді және тіркейді. Өсімдіктер дамуының кезеңдік фазаларын тіркейді: бүршік ату мен жаруы, жапырақ шығуы, гүлдеуі (басталуы және аяқталуы), ұрықтары мен тұқымдарының пісуі, жапырақтарының күзгі түсімі, жапырақ түсуі. Сүтқоректілерде – ұйқыдан оянуы, құртшабағының пайда болуы, кезеңдік түлеуі және көшіп-қонуы. Құстарда – ұя салуы, жұмыртқа салуы, жұмыртқа жаруы және балапандарының ұшып шығуы, ал көшпелі құстарда – көктемгі және күзгі ұшулары.
Буын аяқтыларда – қыстағандарының оянуы, дернәсілінің жарып шығуы, қуыршақтардан ересек жәндіктердің пайда болуы, жұмыртқалау, дернәсілдерінің, қуыршақтарының дамуы, жаңа ұрпақтарының пайда болуы, диапаузалар, тсс.
Фенологиялық бақылаудан бөлек жас шыбықты, бұталарды, шөптесін жамылғыны бағалау және анықтау үшін сынамалы және есептік алаңдарды белгілеу өткізіледі: сүректік және бұталық тұқымдастардың, саңырауқұлақтардың өнімін анықтау; орман патологтық зерттеулер және т.б. жұмыстардың түрлері.
Қар түсті, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөлімінің қызметкерлері бақылауларын аяқтады, жәндіктер қыстауға жатты, көшпелі құстар жылы жаққа ұшып кетті, барлық сүректік, бұталық және шөптесін өсімдіктер қысқы тыныш күйге енді. Таудың жоғары бөлігінде қар жамылғысы бір айдан артық уақыт жатыр, ал енді қорықтың барлық аумағы қар астында.
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм
бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Н.Премина
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/834-batys-altaj-memlekettik-tabi-i-ory-y-rmm-dalaly-keze-aya-taldy.html#sigFreeId504b428ff5