Батыс-Алтай қорығында өткізілетін экологиялық туризм мерзімді болып табылады және ауа-райы жағдайларына тәуелді екені рас.  Қараша келді. Күз жайлап қарлы қысқы көрініске көшті. Бұл дегеніміз, қорықтағы туристік кезең соңына жетті және жабық деп жарияланды деген сөз. Ауа-райы жағдайларына – тауларда қардың түсуіне байланысты бағыттардың көптеген бөлігі қыркүйектің  ортасында жабылып қалған. Соңғы уақытта «Батыс Алтай эталоны» автокөліктік бағыты ғана жұмыс жасап тұрды. Кезең өте мазмұнды өтті, қорыққа 2021 жылдың 10 айында 392 келушілер  (4 шет елді мемлекеттен 10 шетелдік азамат) болған, бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда үштен бірге көбірек. Біздің бағытқа келушілердің көбі саяхаттау мақсатында келгендер.Жақын арада Батыс-Алтай қорығы 2 велосипед сатып алды, бұл келесі жылы «Убинские перекаты» велосипедті бағытында келушілерді қабылдауға рұқсат береді. Бұдан бөлек, тағы бір бағыттың ашылуы жоспарлануда. Сондықтан келесі жылғы жаңа маусым бұдан да қызықтырақ болатыны сөзсіз. Барлықтарыңызды Батыс-Алтай қорығына шақырамыз. Келесі маусымда жолыққанша!