Тауыскөзді көбелек

 

Тауыскөзді көбелек  (лат. Aglais io, ертерек лат. Inachis io)  күндізгі тауыскөзді көбелек — нимфалид тұқымдасынан тауыскөзді көбелек (Nymphalidae). Алдыңғы қанатының ұзындығы – 27-31 мм. Қанаттарын жаюы 62 мм дейін. Аналықтары көбінде аталықтарынан үлкенірек болады. Қанаттарының негізгі түсі қызыл-құба, қызыл-қоңыр. Қанаттарында ашық көк дақтары бар 4 үлкен «көздері» орналасқан. Тауыскөзді көбелектің күндізгі бояуына суық пен жылу әсер етеді. Қанаттарының төменгі бөлігі – толқынды ашығырақ ирек сызықтармен қатарласқан қара-қоңыр түстес. Батыс-Алтай қорығында негізгі мекендеу жерлері болып алаңдар, шабындық, шалғындар, орман жиегі, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары есептеледі. Теңіз деңгейінен 2000-2500 м биіктікке көтеріледі. Ересек көбелектер: түйетікен, қоңыраугүл, көксағыз және тағы басқа сияқты гүлдердің шәрбатымен қоректенеді. Ересек көбелектер әдетте ағаштардың қуыстары сияқты қараңғы жерлерде қыстайды. Олар өз қанаттарын жинайды да ұйықтайды. Жиналған күйде көбелектің қанаттарының түсі айналасындағы түстермен бірігіп, көбелектерді байқалмайтындай етеді. Көбелектер қыстық ұйқыдан сәуірдің  соңында – мамырда оянады. Жұлдызқұрттар екіүйлі қалақайдың жапырақтарын, талдың, таңқурайдың жапырақтарын жейді.

Өмірлеріндегі қызықты жайттар:

Жаз кездерінде көбелектер ұйықтамайды, олар өте белсенді болады.

Көбелектер мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген, себебі олардың суреттерін египет ғимарат қабырғасындағы суреттерден кездестіруге болады.

Көбелектің көзі 6000 кішкентай линзадан тұрады. Жапырақтарға отырып, олар оның дәмін сезе алады. Ұшу үшін көбелектерге күннің қызуы керек.

Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыру бойынша аралардан кейінгі екінші орында. Ең ірі көбелек болып Атлас тауыскөзді көбелегі есептеледі. Оны көбінде құспен шатастырады, себебі қанаттарының жайғандағы көлемі 30 сантиметрден асады.   

Өмірінің қысқа уақытында аналығы 1000 жұмыртқаға дейін салады. 

Әр көбелек өзінше әдемі және көзді қуантпай тұра алмайды. Қоршаған ортаның құндылықтары туралы естен шығармай, табиғатты қорғауға тырысуымыз керек.

 

Ақпарат ҒМЭАжТ бөлімініңмаманы И.Н. Завьяловамен дайындалды.

Фотосурет авторы А.А. Клименко