Батыс-Алтай қорығы салқын күздің соңғы күндерін санап, қалың ауыр әрі жылтыр қармен жамылатын кезге дайындалуда. Күздің ашық түсті бояулары қаңқа тәріздес бұтақтарға айналып, шықтың мұзды шәлісімен және топырақтың ылғалды қара батпағына малынғандай күй кешуде. Күздің сұрғылт күндері мәжбүрлі түрде көктемгі жылу мен алғашқы гүлдер ойға оралады. Қанық жасыл иісі мүңкіген шөптер мен тоғайлар кезеңінің бір бөлшегі теңгежапырақ болып табылады. Таңғы гауһартас топырағында жарқырап замартасты дөңгеленген жапырақтарда бұл өсімдік аңызға айналып, көптеген аурулардың емі ретінде дәрігерлік жазбаларға енді. 

 

Теңгежапырақ (лат. Alchemílla) — Қызғылт (Rosaceae) тұқымдастығының көпжылдық шөптесін өсімдіктер түріне жатады. Жапырақтары – қайырылған қалақшалары бар түсіңкі. Гүлдері жасыл-сары және ақшылдау, реңсіздеу. Теңгежапырақ өмірінің тоғызыншы жылында ғана гүлдейді және маусым айынан тамызға дейін гүлдеп тұрады. Жемісі – жаңғақ. Теңгежапырақ  түрлеріне қарай түрлі жерлерде өседі: таулы жерде, сирек орманда, шалғында, бұлақтардың жағасында, шөптесін баурайларда. Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында теңгежапырақтың тоғыз түрі өседі, оның ішінде Алтайда сирек кездесетін эндемикалық түрі алтай теңгежапырағы (Alchemilla altaica).

 

Теңгежапырақтың ғылыми атауынан басқа аттары өте көп – аспан шығы, әйелдер шөбі, омыраулы және тағы басқалары. Қызықты атауларының бірі – аю табан, бұл жапырақтарының аю іздерімен ұқсас келетіндігіне байланысты аталған. Теңгежапырақ – алхимиктардың шөбі. Бұрынғы аңыздарға сүйенсек, теңгежапырақтың жапырақтарына жиналатын суды олар философиялық тастың және өмір сиқырлы сусынын алу үшін пайдаланды.  Оның жапырақтарынан алынатын шықпен таңертең жуыну жастықты қайтарады деп есептелген.   

 

Ғылыми зерттеулерге сәйкес теңгежапырақтың флавоноиды негізінде жасалған өнімдер вирусқа қарсы болып табылады. Онсыз да емдік қасиеті бар шөп одан сайын құнды және бірегей өсімдік болып қалыптасқан.  Осындай құнды, мықты, сансыз өсетін өсімдік те қорғауға және шегіне қарай пайдалануға байланысты назарға мұқтаж. Егер де теңгежапырақтың түрлері көп болса, ол оны қажетсіз жұла беруге болады деген сөз емес. Саған қажеті болмады ма? Басқа үшін сақта!

 

 

Материал ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Ю.Матковамен дайындалған.

Фото автора.