Орман әрқашан адамзаттың байлығы болып саналған. Шығыс Қазақстанның ормандары хош иісті балқарағайға, сағызқарағайға, бағалы самырсынға, қайыңға бай. Біздің өлкенің орман шаруашылықтары өз ісінің нағыз патриоттарымен мақтана алады. Қазақстандағы орман шаруашылығының қызметкерлері еңбекақы жағынан рейтингтің соңғы орындарының бірінде тұрғандығы ешкімге құпия емес. Осындай төмен жалақысы бар жұмысқа өз ісін шынайы сүйіп жасайтын адамдар келетіні рас. Шығыс Қазақстанның көптеген орман шаруашылықтарында өз мамандығын жүрекпен таңдаған, қызметіне бей-жай қарамайтын адамдар еңбек етеді. Сондай мамандықтардың «үлкен» адамдары ашық түйсікпен қатар, саналы және мейірімді жүрекке ие.  Олар өз мінез-құлықтарын, дағдыларын және құнды тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді, осылай ғасырлық құндылықтарын және салт-дәстүрлерін сақтаған әулет, ұрпақты тұқым өсіп шығады.   

Санитарлы ағаш кесу, қайта өсіру және орманды жаңарту, биоалуантүрлілікті сақтау бұның барлығы табиғатқа деген және болашақ ұрпаққа табиғатты сол қалпында тапсыру мақсатында қамқорлы қатынасты көрсететін орман шаруашылығының тек терминдері ғана болып табылады. 

Сондай отбасылардың бірі, Қазақстанның шығысында тұратын –Орсариновтардың «орманды» әулеті.  

Бұл отбасының тарихының бастауы сонау 1931 жылдан алады, ағаш өсіруші әулеттің  ұрпақ басшысы Әбу Әміреұлы Орсаринов Катон-Қарағай ауданының Берел ауылында туған, оның бесігі ұлы таулар мен түрлі тұқымдас тоғайлармен қоршалған еді. Ол өзінің пәк табиғатымен және өнімді жерімен танымал жұмақты мекенде ер жетті. Ол кезде жастардың мақсаты үлкен қалаға «шығу» және жарық, кең кеңседе жұмыс істеу болмаған. Әбу Әміреұлы өзінің еңбек жолын Берел орман шаруашылығында орман даярлаудың шебері болып бастап, кейін 1986 жылға дейін техникалық жетекші ретінде қызмет жасаған. Ал оның жары – Бағила Дастанқызы – орман шаруашылығында өз қызметін бастап, 15 жыл көлемінде орман даярлаудың шебері болып еңбек еткен. Бағила Отанға, табиғатқа және отбасылық іске деген махаббатты ұлдарына ананың сүтімен бергендей.

Жер бетіндегі адамдарға ең қажет және мәртебелі деп есептеген өз мамандығына деген шексіз махаббатын Әбу Ақсақал мұра етіп әулеттің екінші үрім-бұтақтан, үлкен ұлы Елеукенов Төлеубек Әбуұылынан басталады. 

Төлеубек Әбуұлы, әскердегі қызметінен келе салып, автокөліктің рөліне отырып, орман саласындағы жұмысын бастап кетті. Патриоттық сезімге рухани бай Төлеубек өз өмірінің 39 жылын құрметті еңбекке арнады.  

Қайта құрылуларға қарамай, Төлеубек ешқашан өз жұмысын тастамады.

Мүмкін мамандыққа адалдық пен жалпы отбасылық құндылыққа деген шыншылдық осы шығар.

Екінші ұлы Орсаринов Жиенбек Әбуұлы, 22 жасынан бастап 36 жыл көлемінде әкелік іске сый-құрметпен қарап, орман шаруашылығында қызмет жасады, жұмысын отбасын бағумен қатар алып жүрді. 

Үшінші ұлы, Назарбек Әбуұлы Орсаринов, 1960 жылы туған. Ол да ағалары сияқты Берел орман шаруашылығында қара жұмысшы болып қызмет жасап, отбасылық істің қыр-сырын меңгерді. Орман ісінде жылдамдық өте маңызды, оның үстіне тасымал да қажет, сондықтан Назарбек жүргізуші болуды жөн көрді.  2001 жылы Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің құрылғанынан кейін ол орманшы болып қызмет жасады. Кейін 2007 жылдан бүгінге дейін отбасылық дәстүрлерге берік болып, Үріл филиалында орманшы болып жүр.

Төртінші ұлы, Орсаринов Қайрды Әбуұлы 1963 жылы дүниеге келген, отбасылық іске 1985 жылы араласты. Өз қызметін қарапайым жұмысшыдан бастап, кейінірек өрт сөндіру сарбазы болған. Біраз уақыттан соң орманшы лауазымына ауыстырылып, кейін орман даярлаудың шебері болып тағайындалды. Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркі құрылған соң 2001 жыл мен 2007 жылдар аралығында Үріл филиалында шебер болып еңбек еткен. Ал 2007 жылдан бастап Қайрды Әбуұлы Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жағынан тағы бір «інжуі» саналатын «Риддер орман шаруашылығы» КММ ауысады. Бұл жерде ол орман шебері қызметінде, кейін – орманшы болып, ал жылдар өте келе орман шаруашылығының орынбасары қызметіне дейін «өседі». Орсаринов Қайрды Әбуұлы 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейін орман ісінде «Пихта орман шаруашылығы» КММ директоры болып басқарады, ал сол жылдың алтын күзінде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры болып тағайындалады.

Осы жолмен 1965 жылы туған Нығметолла Әбуұлы да жүрген, Берел орман шаруашылығында орманшы және орманшының көмекшісі болып тәжірибе жинады, қазіргі кезде Берел орман шаруашылығында орман қорғау инженері болып қызмет жасайды.  

Орсаринов Қайрат Әбуұлы Катон-Қарағай МҰТП Аршаты орман шаруашылығында еңбек ете жүріп, орманшылардың ерлер тізбегін аяқтайды.

Орман саласында қызмет жасау ерлерге ғана тән деп бұрыннан саналған. Сондықтан орман ісінде әйелдер қауымын сирек кездестіресің.

Алайда, Орсариновтардың ең кіші өкілі – Анаргүл Әбуқызы осы саладағы жұмысты таңдады. Үлкен ағалары сияқты нәзікжанды Анаргүл Әбуқызы әкесінің және ағаларының салған сара жолымен жүруге, өмірін орманмен байланыстыруға қорыққан жоқ. Көптеген жылдар бойы ол Үріл орман шаруашылығында инспектор болып қызмет жасайды, үйдің шаруасымен бірге ұлттық парктегі жұмысын алып жүр.  

Шығыс Қазақстанның басты байлығын көркейту және өркендету үшін марқұм Әбу Әміреұлының ғана балалары қызмет жасап жатқан жоқ.

Мысалы, Орсаринов Қайрдының қызы мен ұлы, Әбу Әміреұлының немерелері де өз тағдырларын орман ісімен байланыстырып, Орсариновтар әулетінің үшінші үрім-бұтағын жалғастыруда, Динара Әбуова магистрлік дәрежеде орман ресурстары мен орман өсірушілік мамандығын меңгеріп, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің бастығы бола отырып, Қазақстан байлықтарының биоалуантүрлілігін байыту мен сақтауда өз еңбегін сіңірді. Азамат Қайрдыұлы Әбуов Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы болып отыр.

Әр отбасылық жиналыста балалары, немерелері және шөберелері Әбу аталарының орманды қорғап қана қоймай, оны әрқашан көбейтіп отыру керек деген насихатын естеріне алады. Бұл әкеден балаға берілген ең бағалы өсиет және үлкен жауапкершілік болып табылады.  

Әулеттің қиын қыстау кезеңнен өткен уақыттары да болды. Бұл – қайта құрылу, орман шаруашылық саласы қаржыландырусыз қалған кездер және капитализм мен демократияның барлық «қызықтары». Бірақ барлық қиыншылық кезеңдерде әулеттің рухы сынбады және ешкім отбасылық істен бас тартпады. Олар еліне, туған жеріне және өз мамандықтарына деген адалдығын сақтай алды. Бұл қаһармандық емес пе?! Үш үрімді бұтақтың толассыз еңбектері расымен де ең биік мақтауларға ие. Мүмкін оқырманға бұл оқиға ешбір ерекше қызығы жоқ қалыпты жағдай ретінде болуы мүмкін, бірақ ауыр соғыс кезеңінде балалық шағы мен жастық кезеңін өткізген ақсақал Әбу үшін бұл үлкен өмірлік сабақ болды. Ең қажетті, басты дүниелерді ол бұл сабақтан ала отырып, балалары мен немерелеріне құнды тәжірибе қалтыра алды. Бұл барынша ашық, дана адам азаматтық және адами бүкіл өмірін ар-ожданмен өткізді. Және бұл ар-ожданы оған жеңін түрмей еңбек етуге, басқаның қайғысын бөліспеуге, ортақ іске жауапкершілікті өзіне алмауға мүмкіндік бермеді.

Орсариновтар әулетінің шөберелері өсіп келеді, отбасылық дәстүрді жалғастырып және ұрпақтар сабақтастығымен олардың өз тағдырларын да орман саласымен байланыстыратындығына ешқандай күмән жоқ. Себебі, орман өсірушілік – отбасылық іс қой.   

Авторы: Динара Абуова

Авторласы:  Орсаринов К.А.

«Батыс-Алтай мемлекеттік

табиғи қорығы» РММ директоры