Тұрғындар арасында орманға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 15 қазанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Колотушка тауы аймағында орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне сәйкес қорғаныс белдеуін толықтыру үшін ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Бұл біздің еліміздің әрбір азаматы үшін жарқын үлгі болады деп сенеміз және сіз де өз ағашыңызды отырғызғыңыз келетіні сөзсіз! Бірақ ең бастысы-табиғатты құрметтеу және жасыл кеңістікті сақтау екенін есте ұстаған жөн.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/821-batys-altaj-memlekettik-tabi-i-ory-y-3.html#sigFreeId49e470e0e8