Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері  «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтайды.

Ормандарды сақтау мен жақсарту - орманшылардың басты міндеті. Бүгінде біз Отанымыздың «жасыл астанасын» ұтымды пайдалануға бар күшімізді саламыз. Ормандарды қалпына келтіруге, олардың сапалық құрамын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді. Орманды сақтау - болашақ ұрпақтың игілігі үшін үлкен жұмыс.

Сіздерге шын жүректен жаңа жетістіктер, бастамаларыңызға сәттілік, барлық жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін күш пен жігер тілейміз. Біздің ұрпақтарымыздың қуанышы үшін ормандар жаңғыра берсін! Өршіл идеялар мен жобаларды жүзеге асыру үшін денсаулықтарыңыз мықты болып,шабыттарыңыз таусылмасын!