29 қыркүйекте Халықаралық туризм күніне орай Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының табиғат мұражайында ашық есік күні өтті. Мамандар қонақтарды экологиялық туристік маршруттармен, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерімен, сондай -ақ емдік шөптермен таныстырды. Сонымен қатар, қонақтар мектеп оқушылары мен балабақша балалары салған суреттер мен плакаттар көрмесін тамашалай алды.
Келесі жылы біз барлық туризм мен саяхат әуесқойларын бірегей туристік маршруттарымызға және Табиғат мұражайына келуге шақырамыз, себебі біздің есігіміз сіз үшін әрқашан ашық!
Сонымен қатар, қорықтың табиғат мұражайы күн сайын сағат 8.00-ден -17.00 аралығында жұмыс істейтінін, кіру тегін екенін хабарлаймыз. Сағат 12.00 –ден 13.00-ге дейін түскі үзіліс.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/812-batys-altaj-memlekettik-tabi-i-ory-yny-tabi-at-m-razhajlarynda-ashy-esik-k-ni-tti.html#sigFreeId42d704c02b