Қызыл тамыр

Қызыл тамыр (лат. Hedýsarum)  - сабағының биіктігі 25-50см, тамыры ұзын, қалың, бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік емес, тармақталмаған. Жапырақтары күрделі, 5-11 жұп элиптикалық қысқа жапырақшалары бар. Қылқалам тәріздес жинақталған, гүлдері үлкен емес, күлгін түсті өсімдік. Жемістері-салбыраған, үлпілдек. Маусым–тамыз айлары аралығында гүлдейді. Қызыл тамыр Алтайдың эндемигі(тек Алтай тауларында өседі және әлемнің басқа жерінде кездеспейді). Өсімдік Батыс-Алтай мемлекеттік қорығының орманды және орманды–тундра аймақтарында өседі, сондай–ақ «Заповедные дали» бағытында кездеседі.

Бұл өсімдіктің атауын бірнеше жазық сегменттерден тұратын дөңгелек элиптикалық жалпақ бұршақтардың пішініне байланысты атаған. 

Қызыл тамырдың  қабынуға қарсы, гемопоэтикалық жүйеге, орталық жүйке жүйесін жақсартуға, қақырық түсіруге сонымен қатар иммунитетті көтеруге  пайдасы зор. Дәстүрлі медицинасында қызыл тамырдың қайнатпасын сергіту және жалпы әлдендіретін (физикалық төзімділікті ынталандыратын) заттар ретінде қолданылады.

Бұл түр дәстүрлі медицинада қатерлі ісік пен несеп-жыныс жүйесі ауруларын емдеуге кеңінен қолданылуына байланысты жойылып кету қаупі бар. Қызыл тамыр өте баяу өседі, он сегіз жылда гүлдеп бастаса, тек отызыншы жылында  қолдануға болады. Алтай республикасының бірнеше аудандарында, сонымен қатар Қазақстан мен Алтай өлкесінің біраз бөлігінде өседі. Бұл өсімдік антропогендік фактордың әсерінен іс жүзінде жойылады, оны жасанды ортада өсіру мүмкін емес, ол тек өзінің табиғи мекендеу ортасында ғана кездеседі. Сонымен қатар оның тұқымының өнгіштігі өте төмен, ал күзде көшеттерді кеміргіштер жейді. Сондықтан өсімдік мұқият қорғауды қажет етеді.

 

Ақпарат ҒМЭАжТ бөлімініңмаманы И.Завьяловамен дайындалды.

 Фотосурет авторы  Ю.А.Маткова