Күз мезгілінің суық күндерінде ағаштардан түскен қызыл – сары жапырақтар көзге әдемі көрінгенімен, көктемгі сұлулықты бере алмайды.

Батпақ ботакөз (Myosotis scorpioides)-Бораж тұқымдасына жататын өсімдік түрі, сонымен қатар Батыс Алтай қорығының аумағында өсетін бес түрдің бірі.

Әдетте, ботакөз тұтасып шалғындарға орналасып, төмен өседі. Жасыл ормандарда ол әртүрлі су қоймалары мен батпақтардың бойында кездеседі, көбінесе жағалаудың шетінде өседі және су бетіндегі гүлдердің шашырауымен көрінеді. Ботакөзден басқа, Батпақты түрлер бақша учаскелері мен гүлзарларды көгалдандыруда қолданылып, басқа өсімдіктермен үйлесімді бейнені жасайды. Сондай-ақ, ботакөз тұқымының кейбір түрлері емдік болып табылады. Оны гүлдену кезінде жинау керек. Ол қабынуға қарсы,сондай - ақ гемостатикалық қасиеттерге ие және терлеуді азайтады. Сонымен қатар өкпе туберкулезін емдеуге қолданылады.

Бұл өсімдіктің гүлдену кезеңі жаздың басында болса да, әр түрлі елдер мен халықтардың адамдары ботакөз гүлдерін көктемнің белгісі деп санайды. Әр түрлі мемлекеттердің мәдениеттеріне сәйкес бөл өсімдікке деген көзқарас әр түрлі. Аты айтып тұрғандай, өсімдіктің атауы – «Ботакөз». Бұл ассоциациялар флориографиядағы гүлдің мағынасына ауысады. Кез-келген әлемге әйгілі өсімдіктер сияқты, ботакөздіңде жер бетінде пайда болуы туралы аңыздар бар. Ежелгі грек аңыздарының бірінде жергілікті шопанның қалыңдығы Эгле оны сағынып, құнарлы топыраққа құлап, көгілдір гүлдердің шашырауына айналған дала шөптеріне көз жасын төккені айтылады.

Ададмдар өздері туралы осындай әдемі аңыздарға ие гүлдерді, жалпы алғанда барлық өсімдіктерді аялап, қорғауы керек. Адам баласы күннің суығында да табиғатқа қамқорлық жасаса, көктемде ұмытшақтың көгілдір көздері қайтадан қауыз ашады.

 

Материалды және фото дайындалған ҒМЭАжТ бөлімнің

маманы Ю.А. Маткова