Бүгін, 18 қыркүйек күні «World Clean up day 2021» акциясы өткізіліп жатыр.  «Birge-taza Qazaqstan» елдің барлық аймақтарында. «World Clean up day 2021» акциясы 380 млн адамның қатысуымен әлемнің 150 елінде өтеді.

Қазақстандағы ұйымдастырушы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі болды.

Аталған акцияның мақсаты – республикадағы экологиялық жағдайды жақсарту, табиғаттың ластануына жергілікті халықтың назарын аудару. Нақтысын айтқанда, жергілікті тұрғындардың экологиялық ойлауын жаңғырту.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Birge-taza Qazaqstan» сенбілігіне белсене қатысты. Қызметкерлердің күшімен Семипалатинская көшесінің аймағындағы аумақ ретке келтірілді. Бірнеше сағаттың ішінде акцияның қатысушылары – қорық қызметкерлері қатты тұрмыстық қалдықтары салынған ондаған қаптарды жинады. Акция қатысушылары Риддерліктерді қаланы таза ұстауға, қоқысты уақытында шығарып және «Birge-taza Qazaqstan» акциясын қолдауға шақырды. Әр азаматтың сенбілікке қатысуы – бұл өз қаласының жақсы жаққа өзгеруіне деген махаббат пен сыйластықтың белгісі. Қорық қызметкерлерінің сөздері бойынша – «қаланы және оның маңайын таза ұстау үшін сенбіліктерді жиі ұйымдастыру керек».

Қазақстанның Бүкіләлемдік акцияға қатысуы Қазақстанды әлемдік экологиялық акциялардың қатысушысы, «жасыл» қағидасын жүзеге асыратын және мемлекет дамуы үшін қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыс жасайтын ел ретінде көрсетеді.