Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 14 қыркүйекте жоспарланған оқу-жаттығу атыстары өткізілді. Оқу жаттығу шарасы "Вертикаль" спорт кешенінде өтті.
Іс- шараның мақсаты –мемлекеттік инспекторлардың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, кәсіби машықтарын жетілдіру. Атыс кураторлары «БАМТҚ» РММ директорының орынбасары Г.Н.Наговицын мен табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің бастығы С.М.Баянбаев болды. Шара «БАМТҚ» РММ директоры Орсаринов Қайрды Әбуевичтің жетекшілігімен басталып, кейін Риддер қаласы полиция бөлімінің өкілі майор Сарсенбинов Е.Т атыс қаруы жөнінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізді.
Шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар үлкен тәжірибе алып, тағы да қару- жарақпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады.
Бұл инспекторлық құрамның жұмыс сапасына және қызметтік міндетін орындауда өз қауіпсіздігі үшін сенімділігіне әсер етеді.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/799-batys-altaj-memlekettik-tabi-i-ory-ynda-14-yrk-jekte-zhosparlan-an-o-u-zhatty-u-atystary-tkizildi.html#sigFreeId7536873a9b