Томарқұлақтың жаздық, көктемдік, күздік, солтүстік және патшалық түрлері болады. Олар өздерінің  алуан түрлілігімен саңырауқұлақ терушілерді қызықтыра түседі. Аталған саңырауқұлақ шіріген қарасораны жауып, мол өседі. Біздің аймақта өсетіндіктен бізге жақсы таныс, дегенмен бұл қоңыр қалпақтың біз білмейтін  өзіндік құпиялары да бар.

Ең алғаш бұл саңырауқұлақ атауы, саңырауқұлақ өсетін жері, яғни «Опнёнок» сөзінен бастау алған. Айтылуға жеңіл болғандықтан «н» әрпі уақыт өте келе алынып тасталынды. Маусымдық жинау кезінде қарасораны жауып, бұл саңырауқұлақтың мол өсетіндігінен, кейбір адамдар сондықтан да «опять» (тағы) сөзінен бастау алған деп ойлайды.

Томарқұлақ - әр түрлі тұқымдастар мен түрлерге жататын саңырауқұлақтар тобы. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, томарқұлақ тұқымына Armillaria, Kuehneromyces, Flammulina, Tricholoma, Pholiota және басқалары кіреді.

Сондай-ақ, томарқұлақтарға шірімейтін тұқымдастарда (Marasmius) жатады. Шабындық томарқұлақтың бір түрі жоғарыда аталған саңырауқұлақтарға қарағанда мүлдем басқа жағдайларда өмір сүреді, бірақ оның денесі томарқұлақтарға ұқсас. Ол жеуге жарамды, бірақ көбінесе тек қалпақтарын жейді. Бұл саңырауқұлақты орман сүйгіш улы коллибиямен (Collybia dryophila) шатастыру оңай, сондықтан оны жинау кезінде өте сақ болу керек.

Томарқұлақтың жеуге жарамды түрлерінің қалпақтары ашық қоңыр түске ие. Улы саңырауқұлақтар қанық реңкті түстермен ерекшеленеді: күкірттің ашық түсі немес қызыл кірпіш. Әрине, бұл қағидалар өте маңызды, бірақ зерттеуден кейін де күмән болса, «Күмәнің болса – алма!» деген негізгі қағиданы қолдану керек. Саңырауқұлақ терушілердің басты жауы жалған томарқұлақ. Бұл жеуге жарамсыз және улы саңырауқұлақтардың түрлері сырттай көпке танымал томарқұлаққа алдамшы түрде ұқсайды. Көбінесе гифолома (Hypholoma) түрінің стофарийлы (Strophariaceae) тұқымдасына жататын саңырауқұлақтар жалған болып аталады.

Батыс Алтай қорығының аумағында күзгі томарқұлақ мен шалғынды томарқұлақ өседі.

 

Материалды дайындаған НМЭАжТ бөлімінің зертханашысы

Маткова Ю.А.

                                                                                                         Фото авторы Антоненко А.А.