2021 жылы көгілдір аспанға арналған Халықаралық таза ауа күнінің тақырыбы – «сау ауа, сау ғаламшар», бұл ауаның ластану проблемасының медициналық аспектісін, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде көрсетті. Биылғы жылы барлық адамдар үшін таза ауа қажеттілігіне басымдық беріледі, сондай – ақ тұрақты даму саласындағы мақсаттарға, оның ішінде климаттың өзгеруі, адамның және ғаламшардың денсаулығы сияқты басқа да маңызды сұрақтарды қамту үшін неғұрлым кең ауқымда талқылау жүргізілуде. Бұл күн біздің күш – жігерімізді біріктіріп, таза ауаға құқығымызды білдіру үшін әрекетке шақыру ретінде қызмет етеді.