Қалалық қарлығаш – бұл салмағы 14 пен 25 грамм аралығында, денесінің ұзындығы 14-17 см, қанаттарының ұзындығы 9-12 см, қанатын жайғандағы 29-33 см болатын кішкентай ғана құс. Қазақстанда бұл құс сулы шөлдерді, батыстың орманды алқаптарынан және Орталық Қазақстанның шөлді аймақтарынан басқа барлық жерде ұя салады.   

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында ұя салатын қарлығаш аз кездесетін түрге жатады. Бірнеше ондаған жұптармен топталып ұя салады, жекелеп ұя салғандары өте сирек кездеседі. Қара Оба өзенінің маңайында кездеседі. Ең бірінші кезекте сақталған ескі ұяларға салады. Қарлығаштар Қара Оба арқылы өтетін көпірдің маңайын және гранитті қалдықтардың геоархитектурный нысанды (Линей бағаналары) басып алған. Ол жерде олар шөппен және шашпен араласқан дымқыл балшықтан шардың төрттен бір бөлігі формасында ұялар салады, құрылысқа арналған материалдарды сол орынға құстар тұмсықтарына қыстырып әкеледі. Ұяны жұқа шөптермен және мамықтармен жұмсақ етіп төсейді. Ұяны ата-ананың екеуі де екі апта шамасында салады. Бастысы, болашақ ұяға көлеңкеден жайлы жер табу керек, күннің көзінде қарлығаштың ұясы тез кеуіп және саудырап түсіп қалуы мүмкін.

Қалалық қарлығаштар негізінен ашық жерлерде ұшып, өздері аулайтын ұсақ ұшатын жәндіктермен қоректенеді. Жайсыз ауа-райында ауламайды, бұл уақытты ұяларында өткізеді. Шілденің аяғында күзгі қоныс аудару басталады, құстардың басым көпшілігі тамыздың аяғында ұшып кетеді – қыркүйектің ортасында жүздеген құстар болып топтасып қайтады. Қалалық қарлығаштар көбінесе жылы жаққа жағалық, түсі солғын және секпілтөс қарлығаштармен бірге ұшады. Көктем шығысымен наурыздың аяғына қарай – оңтүстік аудандарда сәуірдің басында аздаған топтармен бірнеше ондаған құс болып топтасып және сәуірдің соңында мамырдың басында таудың жоғары жақтарында және солтүстік аймақтарда кездеседі.  

 

Ақпарат ҒМЭАжТ бөлімінің

маманы И.Завьяловамен

дайындалды.

Фотосурет авторы Клименко А.А.