Астралар, қараңғы түнгі аспандағы жарық жұлдыздар тәрізді, тау жоталарының қар жамылғысынан ашылған алаңдарында күлгін түсімен жарқырап, жайқалып гүлдеп тұр.

 

Альпі Астрасы(Aster alpinus) - Asteraceae тұқымдасының өсімдік түрі. Биіктігі 35 см-ге дейін көпжылдық шөпті өсімдік, сабағы түзу, жапырақтары кейде төмен салбыраған, сары өзегі бар гүлінің жапрақшалары күлгін түсті. Жаз бойы гүлдейді.

 

Бұл өсімдікті сәндік және дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Альпілік Астра гүлдері дәстүрлі Тибет медицинасында асқазан-ішек аурулары үшін қолданылады. Ресей Федерациясы мен Украинаның бірқатар облыстарының Қызыл кітабына енгізілген.

 

Флориографияда Астра көбінесе қайғы-қасіретті, естеліктер мен сезімнің шатасуын білдіреді.

 

Тұқымның ғылыми латынша атауы ежелгі грек ἀστήρ — "жұлдыз"сөзінен шыққан. Грецияда Астра гүлдері жерге құлаған Персефонның көз жасынан шыққан деген сенім бар. Астралар Еуропаға Қытайдан әкелінді, онда олар талғампаздық, қарапайымдылық пен сұлулықты білдірді. Қытайда даостың екі дін қызметкері жұлдыздардың өздеріне жетуді мақсат етіп қойды деген аңыз бар. Әдеттегідей, олардың жолы оңай болмады. Олар аршалытаулардан өтіп, қалың ормандардан өтіп, Алтай тауларының шыңына жетті. Онда олардың алдарына әдемі көл мен Астрагүлдеріөскен шалғынды көрді. Гүл туралы аңыз бойынша, дін қызметкерлері мұндай ғажайып көріністен соң: керемет жұлдыздарды аспанда ғана табуға болмайтынына көзідері жеткендей болды.

 

Материалды НМЭПиТ бөлімінің зертханашысы Ю. А. Маткова дайындады.

Фото автордікі