2021 жылдың 21 шілдесінде «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің орман шебері Сіләмов А.А. және «Риддер орман шаруашылығы » КММ, «Үлбі» шекара бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесе ҚР табиғат қорғау зандамалары бойынша тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау, қаскөйлікпен күрес жоспары бойынша бірлескен рейдттік шаралар жүргізілді. Рейідттік шаралар «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің күзету аймағы, «Ақ Оба», «Қара Оба», «Платониха», айналымындағы мемлекеттік инспекторлар мен өрт сөндіру күзетшілерінің жұмыстары тексерілді. Рейдттік шаралар кезінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақта ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.