Қызыл кітапқа енген өсімдік- қар дәуаяғы
Қызыл кітапқа енген өсімдік қар дәуаяғы (орамжапырақ тұқымдасы) - көпжылдық шөпті өсімдік. Жапырақтары тұтас. Гүл тостағаншасының жеке жапырағы тік тұратын, қап сияқты емес. Аналық аузы өте кішкентай, әлсіз қос қалақты. Ежелгі түр, гүлінің құрылысының кейбір қарапайым белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, гүл тәжінен шығып тұратын ұзын аталықтар саны 16-ға жетеді. Басқа айқышгүлділердің аталықтары әдетте алтау, кейде төртеу немесе тіпті екеу де болады. Тығыз ашық жасыл жапырақтары мен көптеген ақ гүлдері бар өзгеше сәндік өсімдік. Тұқымдар жалпақ, жасымық тәрізді, бір қатарлы.
Тасты беткейлерде, қарлы тау басында, өзендер мен жылғалар жағасында, альпі шалғындарында өседі. Батыс- Алтай қорығының барлық жоталарында кездеседі.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін түрлер ғана емес, сонымен бірге жойылып кету қаупі бар түрлер де енгізіледі. Өз өлкесінің сирек кездесетін өсімдіктерін білу және оларды қорғауға барлық жағынан ықпал ету – біздің ұрпақтың міндеті. Тек осылай ғана біз елдің сирек кездесетін флористикалық байлығын сақтаймыз.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/767-yzyl-kitap-a-engen-simdik-ar-d-uaya-y.html#sigFreeId90a578ef89
Дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Серекова К.С.
Фото – Премина Н.В.