Жасылбас тағанақ — торғайдың туысы, олар бір отрядқа жатады. Денесінің ұзындығы 18 см-ге дейін, салмағы тек 28 г.Тіпті сырттай бұл туыстар ұқсас болып келеді, тек жасылбас тағанақтың қауырсынының түсі ашығырақ. Әрине аталығы өте әдемі. Тағанақтың басы сұр түсті, қанаттары мен арқа жағы қызыл түстес болып келеді. Көзінің бойымен қара жолағы бар. Бауыры ашық түсті, аздаған қызғылт түсі бар, құйрығы- ақ-қара түсті болып келеді.Аналықтары қарапайымдау келеді. Жастарында, аналықтары сияқты көзге түсер түсі болмайды, аналықтарына қарағанда ала- құласы көбірек болады. Және жас ұрпақтарының аяқтары ашық түсті болып келеді. Ең қызығы, тағанақ сайраған кезде басқа қанаттылардың әні мен құбылған дыбыстарын шығарады. Бірақ оның даусы сондай қатты емес, оның құйқылжыған әуенін тыңдау қиынырақ, тіпті бұл әншінің даусын естіп қалудың өзі сирек. Бұл құс сондай үлкен болмаса да өзі біршама айбатты, бау- бақшаларда көмекші, себебі көптеген жәндіктерді жойып, тіпті тышқандарды аулайды.
Бұл таңғажайып жыртқыш құс өзінің тіршілік ететін мекені ретінде бұталары мен жарығы мол орындарды таңдайды.
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында- сирек ұя салатын түр. Ақ Оба көлінде кездеседі, Седячиха және Қара Оба өзендерінің бойында, Линейский жотасының баурайында жүреді.