Таң айқабағы (Acrocephalus dumetorum) – сандуғаштар(SYLVIIDAE) тұқымдасынан шыққан сайрайтын құс. Торғайдан кішірек  (борсықтай болады), қара жолақтарсыз, үсті сарғыш-қоңыр түсті. Батпақ айқабағынан айырмашылығы «суық» сұр немесе сарғыш түсімен ерекшеленеді, ашық түсті қасы көзден тысқары орналасқан, көз айналасындағы жарық сақинадан гөрі айқын, ұшу қауырсындарындағы жеңіл жиектер нашар көрінеді. Үнді айқабағынан айырмашылығы неғұрлым сымбатты дене бітімі бар. Аяқтары күңгірт (сұр, қоңыр) және ақшыл (қара-қоңыр, қара). Сыртқы жыныстық айырмашылықтары жоқ.

Таң айқабағы жәндіктермен қоректенеді. Әні қатты, күрделі әрі әдемі, ысқырықтар, айқайлар жиынтығынан тұрады, шексіз өзгеретін тәртіппен шығарылады. Батыс-Алтай қорығында Ивановский, Линейский, Көксе, Холзун, Үлбі жоталарының орман белдеуінде ұялайтын аз түр. Қарақат, таңқурай және ырғай қопалары бар қылқан жапырақты ормандар арасында жиі кездесетін өзендердің жайылмаларын жақсы көреді, бірақ жекелеген жұптар кейде бұталы тундраның белдеуіне еніп, онда қайыңдардың батпақты қалыңдығына қонады.  

 

 Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы

Серекова К.С.

Фото  авторы  Клименко А.А.