31 мамырда Риддер қаласының балалар музыка мектебінде «Парктер шеруі - 2021» акциясы аясында «Музыкадағы табиғат» музыкалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушысы: «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ.

Іс- шараға барлығы 20 адам жиналды. Музыкалық байқаудағы ең үздік орындаушылар мен жеңімпаздар атанғандар:

- 1 орын Айбасова Камила (фортепиано «Лунное сияние»).
- 2 орын: - Жакеев Біржан (домбыра «Жалау би»)
- Бактиярова Аружан (домбыра Кербис сұлу)
- 3 орын– Чухлебова Анастасия–«Родные места» әні

-Рустамкызы Кәусар «Отан» әнімен.
- Вокалды ансамбль ДМШ «Манго»–«Сегодня дождь» әнімен.

Гефнер Полина, Иванникова Иллария көркем өнерлерімен, Александра Гузенконың өнері өзектілігімен ерекшеленіп, «Мирас» ансамблі эмоционалды түрде өнерлерін көрсете білді.

Әрбір қатысушыға байқау соңында «БАМТҚ» РММ-де грамоталар табысталып, демеушілер мен ұйымдастырушылардан сыйлықтар берілетін болады.